Махажан Шырай Мұхитқызы
Шымкент қаласы
69 жалпы орта білім беретін мектептің
7″В» сынып оқушысы
Тіл ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі-демей ме?! Тәуелсіз ел бола тұра неге ана тіліміз күннен күнге ақсап бара жатқандай?! Неге ана тілімізді қадірлеп, құрметтемейміз? Тілімізді дамыта білсек, бірлігіміз берік болмақ. Қазір қоғамның дерті өзге тілді білмеу ұят секілді, ал қазақ тілінде сөйлеуге ұялатын жандарда жоқ емес. Тіл өлсе,ұлттың да жойылып кетуі мүмкін. Бүгінде ана тілімізді үйрену үлкен мәселеге айналып бара жатқандай. Оған дәлел:жоғарыдағы аға-апкелеріміздің ел алдына шығып, өз тілдерінде нақты сөйлей алмай,шұбарлап жатқанын көріп жүрміз. Ол біздің намысымызды оятпаса, келешек ұрпақ не болмақ. Мен өзім секілді жас буынды, қазақ тілін толық меңгеруге, ана тілімізді қастерлеуге, қазақ тілінде білім алуға және өзге тілдерге құрметпен қарауға шақырамын. Тіл-ұлтымның қорғаны, тіл ұлтымның айнасы-деп білемін. Осы жолда, ата-бабаларымыздың маңдай терімен осы күнге жеткенімізді ұмытпасақ деймін. Біз тәуелсіздігімізбен ана тілімізді мақтан етіп,қорғауымыз керек. Тіл-ең құнды мұра!
Ана тілім-қанға сіңген байлығым,
Ана тілім-қазағымның айбыны,
Кел жастарым туған тілді үйренгін,
Ол ертеңгі болашақтың дастаны