Home » Жаңалықтар » Алматы мектебі №20″ көңілден шыққан семинар

Алматы мектебі №20″ көңілден шыққан семинар

Алматы қаласы Түрксіб ауданы №20 шы жалпы білім беретін мектепте «Тәлімгердің жас мұғаліммен жұмыс жүргізу жүйесі» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Бұл Оқу-Ағарту министрлігінің №160 бұйрығына сай жасалған әрекеттің, нәтижесін көрсетуге бағытталған іс шара болды. Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты мектептерден жас ұстазға тәлімгер болып жүрген аға ұстаздар және жас мамандар келді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші: Аршинова Аклима Хусаиновна «Тәлімгерлік жолым» тақырыбында, жас маман биология пәнінің мұғалімі — Момбекова Айдана Төреханқызымен өздерінің шебер сағаттарын өткізді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші Прокоренко Светлана Васильевана «Мен тәлімгермін» жас маман бастауыш сынып мұғалімі Расалиева Дильназ Турсунқызымен бірге шеберлік жайында түйін ой айтты. Келесі болып көпшіліктің алдына шыққан Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші. Рсалиева Жанар Утепбергенқызы «Жас маманның қалыптасуы» тақырыбында,
Жас маман,- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қасымхан Елнара Билдебайқызымен шеберліктерін және өнерлерін көрсетті.


Құлақ естіді, ода жазық жоқ. Қонақтар өз ара «өздері оқушымен жұмыс жасайды, әнде айтып, биде билейді» десті. Көз көргенді айтты ғой.
Жә, Аталмыш оқу орнының қабырғасы 1953 жылы қаланған. Тура биыл аттай 70 жылдан асты. Қуаттылығы 700 балаға арналғанымен бұл орыс тіліндегі мектепте 15 тен асқан ұлт пен ұлыс балалары екі ауысыммен оқиды.
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін…» Семинар соңы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналды. Оқушылар: Алишер Рақимов, Илимдар, Шиммшилов, София Демир қойылым көрсетіп, мұзбалақ ақынның өлеңдерін оқыды, әндерін орындады. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, «Илигай» би тобының жетекшісі Рамазан Сағыныш Маратқызының биші қыздары би билеп берді.
«Аққулар ұйықтағанда» Рамазан Сағыныш Маратқызы, Биназаров Бейбіт Төлегенұлы, Құлжабек Салтанат Ерланқызы, Әбікен Нұрсұлтан Нұрматұлы көрініс көрсетті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Құлжабек Салтанат Ерланқызы Мұқағали атамыздың «Бақыт деген» әнімен семинарды аяқтады.
«Кел демек бар, кет демек жоқ». Семинар аяқталса да Адамдар стол басында отырды. Суретке түсу үшін әзер тұрғызғандай болдық. Бұл бүгінгі кездесудің нәтижелі болғаны деп түсіндік.

«BILIM AINASY»,
Алматы қаласынан,
Қуантай Амантайұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.