Осындай атаумен Алматы қаласы №33 мектеп-лицейінде қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай “Мұқағали — мәңгілік ғұмыр” атты апталық өтті.
Апталықта оқушылар “Мұқағали — поэзия патшасы» интелектуалдық сайысына түсті. Сондай-ақ «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін», «Поэзия, сен менімен егіз бе едің?» өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарысты.
10 ақпан күні өткен апталықтың жабылуы ғажайып, сыршыл ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кешпен басталды. Бұл кеште елімізге танымал әнші, ақынның жерлесі Сандуғаш Стамғазиева болғанын да айта кеткен жөн.
-Бүгінгі іс-шара өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Нұрлан мырза бастаған №33 мектеп-лицейдің ұжымы керемет дайындалған екен. Атамыздың әр өлеңі бір әлем ғой. Әдемі әлемімен халқының жүрегіне ұя салған, ұлттық болмыстың, ана тілінің қамқоршысы әрі жанашыры болған Мұқағали Мақатаев қазақ халқымен мәңгі жасай бермек,- деді шарада Сандуғаш Стамғазиева.
Кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер шырқалды, өлең оқылды.
Бұдан бөлек, «Мұқағали әлемінде» атты сурет салу байқауы болды. Медеу аудандық 28 мектептің мұғалімдері қол күресі, гір тасын көтеру және волейбол сынды спорт түрлерінен жарысқа түсті.
Нәтижесінде: Ауыр салмақта гір тасын көтеруде бірніші орынды №163 мектептің атынан сайысқа түскен Қ.Жабелдесов алса, екінші орынды Д.Нуралиев (№33 мектеп) иеленді. Үшінші орынға Ш.Сумазов (№53 мектеп) жайғасты.
Жеңіл салмақта гір тасын көтеруде мыналар жеңімпаз болды: Бірінші орын Қ.Маккев №163 мектеп, екінші орын Н.Орынғалиев №131 мектеп, үшінші орын Қ.Төленді №194 мектеп.
Ал қол күресіндегі ауыр салмақ бойынша, Д. Серікқазы (Үркер) бірінші орын, Қ.Әуезов (№12 мектеп), екінші орын, Қ.Қасенов (№194 мектеп) үшінші орын алды.
Бұл жарыстағы жеңіл салмақта бірніші орынды Д.Қазнабаев (№172 мектеп) иеленсе, екінші орын Д.Датиевке (№98 мектеп) бұйырды. Үшінші орынға М.Құрманбек (№159 мектеп) жайғасты.
Волейбол жарысында жалпы командалық есепте бірінші орынды №131 мектеп-лицейі алса, екінші орынға №172 мектеп-гимназиясы тұрақтады. Үшінші орынға №98 ЖББМ тұрақтады. Жарыс жеңімпаздарына медаль мен диплом табысталды.
-Біз №131 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейінен келгенбіз. Бүгінгі ойын өте жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын. Командалардың деңгейі өскен. Шын мықтыға шаршы алаңда тұсау жоқ дейді ғой, ең бірінші Алланың қалауымен, сосын, балалардың дайындығымен бірінші орын алдық. № 33 мектеп-лицейінің ұжымына алғысымызды айтамыз, — деді “Білім айнасы» тілшісіне пікір білдірген жарыс жеңімпаздары.
-Мақатаев қазақ халқына, оның болашағына сенді және оған қажет болуға тырысты. Күнделіктерінде ол: «Менің ойымда бір ғана арман бар. Бұл өз халқыма пайдайлы болу. Бірақ оған шындықты айтқым келеді. Халқым менің, сендерге даусымды қалай жеткізе аламын?» деген болатын. 45 жылдық ғұмырында сан ғасырға азық болар мол қазына қалдырды. Атамызды ұмытпайық, жас ұрпаққа өлеңдері мен әндерін дәріптейік. Апталықты қорытындылайтын аудандық спорттық іс-шараны өткізудегі мақсатымыз — ұстаздарымыздың спортқа қызығушылығын ояту, Медеу ауданы білім бөліміне қарасты барлық мектептердің бір-бірімен қарым-қатынасты нығайту. Барлық мектептерге алғысымыз шексіз. Жеңістеріңіз құтты болсын!,- деді №33 мектеп-лицей директоры Нұрлан Алиев.
BILIM AINASY,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы
Керемет өткен іс-шара
33 мектеп- лицей мықты ұжым!