Көкшетаудан сөйлеп тұрмын 02
Ақмола облысы Білім басқармасына қарасты облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Ләззат Сұрағанқызы таныстырған “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының облыстық әдістеме жетекшісі Темиргалина Салтанат Гапуровнаға еріп Ақмола облысы, Көкшетау қаласыда орналасқан М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясына бардым. Ол жерде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнаш Кенжинаның жұмыстарымен таныстым.
— Айнаш Бурумбайқызы, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын қалай түсінесіз?
— «Мың жылдығын ойлаған ұрпақ тәрбиелейді» дейді дана халқымыз. Яғни ұрпақ тәрбиесі қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Соған байланысты 2023-2024 оқу жылы қуантарлық жаңалықтың бірі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие ісіне енгізілді. Ал 2024-2025 оқу жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес Біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны жаңартылды. Менің түсінігімше “Біртұтас тәрбие” ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, бірлікке, ынтымақтастыққа, еңбексүйгіштікке, отаншылдыққа, кәсіби біліктілік пен білімділіке баулу.
— Айнаш ұстаз, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының бағыт бастауын, үдеріс жолдарын қайдан және кімнен үйренесіздер?
— Тамыз айының 5-9 күндері Астана қаласында Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында жоғары деңгейде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы : жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» оқыту семинары өтті. Бірінші күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директоры Медетбекова Меруерт Аскербекқызы болатын семинар барысымен таныстырды. Республика бойынша әр өңірден директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысып, өткен жылғы тәжірбиемен бөлісті. Тренеріміз Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мақсаты, міндеттері мен күтілетін нәтижелері туралы ақпарат берді. Әр семинар күнінің мақсаттары мен жасалатын жұмыстары айқындалып, орындалып отырды. Семинар аяғында өңірлік жоспар құрылып, қорғалды. Сол уақытта Қазақстан Республикасы Оқу ағарту вице-министрі Еділ Оспанмен кездестік.
— Айнаш ханым жасырмай сөйлесейікші, облыста “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы бойынша не жасалып жатыр?
— Жаңа айтқандай Астанадан тәжірибе алмасып келген 4 директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, Білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстық семинарларда үйренгенімізді ортаға салып, басқа да ұстаздармен бөлістік. Сонымен қатар қалалық конференция мен семинарлар ұйымдастырылды. Семинарға директордың тәрбие ісі жұмысы жөніндегі орынбасарлары, аға тәлімгерлер, кітапханашылар, әлеуметтік педагогтер, ұстаздар қатысты. Семинар барысында теориялық біліммен қатар практикалық тәжірибиелі жұмыстар да өткізілді. М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гиназиясының тамыз конференциясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы толық жаңартылған мазмұны бойынша ақпарат берілді. Педагогикалық кеңесте мектеп ұжымында пән мұғалімдеріне сабақтағы құндылықтар бойынша мағлұматтар беріліп, түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Оқу жылының басы. Егін егілді. Жемісін көктемде көреміз деген сеніммен Айнаш Бурумбайқызымен қоштастық.
“BILIM AINASY”
Көкшетау қаласы
Қуантай Амантайұлы