Кеше Алматы қаласындағы бірқатар мектептер мен балабақшалардың ұжымымен таныстым. “Қонақ аз отырып көп сынайды” демекші көзге түскендер мен құлаққа ілінгендерді тере жүрдім. №159 гимназия директоры Эльмира Исабекқызы жылы қарсы алды. Сөйлесе жүре мектеп тынысымен таныстырды. Оқу орны орналасқан ғимаратқа отыз жылдан асыпты. Десе де күтімі мен қолданысы жаңадан салынып жатқан жайлы мектептерден кем емес сияқты болып көрінді. Мұнтаздай тазалығы, ауасының кеңдігі сондай жақсы әсер қалдырды. Дәл бүгін 159-дықтардың көңіл- күйлері ерекше көтеріңкі екен. Жылы жүздері Алматының кешегі шуақты күні сияқты нұр шашып тұрды. Эльмира ханымның айтуынша мекемеде алпыстан аса сынып жинағы (комплекть) барын байқадым. Ол кісі өзі отыз жылдан аса ұстаздық жасаған. Қызметі жайында сүйіспеншілікпен, қуанышпен, сөйлегенде жүзі балбұл жанып тұрды. Кітапханадан қасымызға қосылған орынбасары Жақсыгүл Жақсылыққызымен таныстырды. Оқу ісінің орынбасары бірінші кезекте салқындау көрінгенімен сөйлесе келе кішіпейіл, өз қызметінің майталманы, оқу ісіне мұқияттылықпен қарайтынын байқадым. Кафедра жетекшілерілерімен кездестім. Атап айтсам Ағылшын тілі пәні Мадалимова Жанар Базарбековна, Асанбекова Гулмира Сагатовна тарих пәні, Жакашбаева Назгуль Талдыбаевна бастауыш сынып, Қалтаева Жамила Биртановна математика, Кенжебекова Гулнар Рысбековна жаратылыстану, Бейсекина Азигуль Нугмановна қазақ тілі пәні, Ерболатова Айжан Аймухановна орыс тілі пән жетекшілері болды. Кейбір пәндерді тереңдетіп оқытатын болған соң, жай мектептердегідей бірлестік ұйымдарды бұл жерде кафедра деп атайды екен. Әңгіме барысында редакциямызда бұрынғы “ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТ” жобамыздың қайта басталатынын, оған ұжым болып бір кісіні ұсынуға болатынын жеткіздім. Ол кісілер ұсынысымды жақсы қабылдап, жылы қоштасып мен жайыма кеттім.
Келесі кезекте Медеу ауданында орналасқан №105 бөбекжай – балабақшасына кірдім. Гүлнара Алиханқызы таңданысын жасырған жоқ. Әрине шақырусыз, ескертусіз келген қонақ қашанда таңданысты және бірнеше сұрақты тудырады. Жай ғана журналист емес “Қазақ тілі: 5 жас” оқу танымдық кешенінің және сол құралмен жұмыс жасауға арналған әдістеменің авторы екенімді айттым. Құралды ақтарып қарап отырып, “Шіркін осындай дүниелер көптеп жасалса ғой, мекепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесі жай жүрдім-бардым қарай салатын сала емес. Ол үлкен ғылымды талап етеді. Және баламен жұмыс жасау дегеніңіз, болашағының бағытын сызып беру деген сөз, ұғым,”- деді. Ел болашағына бей жай қарамайтын, ұлтжанды, қазақ тілінің жанашыры екенін осы сөздерден-ақ түсінуге болатан сияқты. Расында да балаларға жанашырлықпен қарайтын, олардың болашағын бар жанымен ойлайтын кісілерді көргенде қуанып қаласың. Мен де ішімнен бәрі де сіздей ел жанашыры болса екен деп тіледім.
Асықпай аяңдап жүріп №109 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Орынбасар Мекібайқызымен жолықтым. Ол кісі қазақ тілінің мананы Раушан Нұрмұқанқызымен таныстырды. Бұл жерде де құралымды таныстырдым. Оқу құралы бес жасар балаға шақталып, ғылыми негізделіп жасалған. Раушан ханым оны түсінді. Соған қарағанда бес жасар балаладың қазақ тіліне арналған бағдарламасын жақсы біліп отыр деп ойлады. Ол да жақсылықтың нышаны деген тұжырыммен мен де әрмен қарай жұмысымыды жалғастыруға кеттім.
Алматы қаласы
БІЛІМ АЙНАСЫ
Қуантай Амантайұлы
Керемет Қуантай Амантайұлы.Жұмысыңызға сәттілік