Алматы қаласы, Түрксіб ауданы №44 мектеп- гимназиясында наурыз айының 27 жұлдызында Алматы қаласы Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми- әдістемелік орталығымен» бірлескен «Алматы мектебі» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Инновациялық қызметті ұйымдастыру: жобадан бастап, жүзеге асыруға дейін» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті. Семинардың бағдарламасын әзірлеу барысында «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми- әдістемелік орталығының» әдіскері Лактионова Ольга Степановна әдістемелік бағыт- бағдар берді. Семинардың ашылуында мектеп директоры Мусагулова Салтанат Болгановна мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Игенбердиева Бағдагуль Айсановна мектеп тарихы мен семинардың мақсатын, мектептің жетістіктерін, білім берудегі ерекшеліктерін атап өтті. Семинар Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мерекесімен ұштастырылып, «Біртұтас тәрбиеге» бағытталды. Семинарға қатысушылардың зейінін аудару мақсатында география пәнінің мұғалімі Ахметова Гульзира Романовна «Балбырауын» күйіне импровизация жасалды. Мектеп көшбасшы оқушылары тәлімгерлерімен бірлескен жобаларын қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз тілдерінде таныстырып, Антуан де Сент -Экзюперидің «Кіші ханзада» атты шығармасынан қойылым көрсетті.
Семинар барысында тарих пәнінің мұғалімі Битаева Бибигуль Кожабековна «Зерттеу қызметі- оқушы мен мұғалімнің бірлескен шығармашылық қызметінің үдерісі» тақырыбында, физика пәнінің мұғалімі Сақтаған Айжан Сегізбайқызы және биология пәнінің мұғалімі Сыдықан Ақерке Қабдылмұратқызы бірлесіп «STEAM технологияларын қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Женаева Евгения Сергеевна «Мәтіндік құжаттармен жұмыс жасауда жасанды интеллектті қолдану», бастауыш сынып мұғалімдері Перевалова Юлия Васильевна, Бровкина Наталья Алексеевна, Пантелеева Виктория Евгеньевна «Инновациялық жұмыс әдістері арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында шебер сабақтар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, мұғалімдерге инновациялық қызметті тиімді ұйымдастырудың жолдарын, тиімді әдіс- тәсілдер мен нәтижеге бағытталған тапсырмалар жүйесін ұсынды. Қатысушылар топқа бөліну арқылы, шығармашылық тапсырамаларды орындай отырып, іс жүзінде қолдана білді.
Мектебіміздің «Жұлдыз» шығармашылық тобы, оның құрамында математика пәнінің мұғалімі Матвейчук Ольга Владимировна, қазақ тілі мен әдебииеті пәнінің мұғалімі Пахирдинова Манзурам Марленовна, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байкенова Кульшира Валихановна, неміс тілі пәнінің мұғалімі Абдигалиева Бағжан Тулепбергеновна семинарға қатысушылармен «Идеялар лабиринті» іскерлік ойынын өткізді. Қатысушылар бағыт парағы арқылы бес бекетке тоқталып,әр бекеттегі тапсырмаларды орындап, тың идеялармен танысты.
Семинар соңында семинарға келген қонақтар алған әсерлерімен бөлісіп, жағымды кері байланыс берді. Семинарда көтерілген мәселелер өте өзекті екендігін және алдағы уақытта өз жұмыстарынан көрініс табатындарын айтып, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы
№44 мектеп- гимназия директоры
Мусагулова Салтанат Болгановна,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пахирдинова Манзурам Марленовна
Семинар қызықты өтті, Әсіресе Француз жазушысы Антуан де Сент -Экзюперидің «Кіші Ханзада» атты шығармасы бойынша Тәлімгерлердің орындауындағы қойылым үлкен әсер қалдырды.