
Осыған орай, Алматы қаласы Алмалы ауданы Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда «Алматы мектебі» және «Біртұтас тәрбие» бағдарламаларын жүзеге асыру аясындағы «Құндылыққа бағдарланған білім беру» қалалық әдістемелік семинары өтті. Мақсаты – «Алматы мектептері» бағдарламасы аясында оқушылардың бойына ұлттық құндылықты сіңіре отырып, зерттеушілік, ойлау, қарым-қатынас, креативті көзқарас дағдыларын қалыптастыру арқылы мектепте жасалып жатқан жұмыс жүйесін жан-жақты көрсету.
Оқу-әдістемелік семинар барысында 5 түрлі тақырыпта ашық сабақтар өткізілді. Сабақ өткен мұғалімдердің білім берудегі жаңа әдістерді тиімді қолдануы, оқудағы бағалау, дарынды оқушылармен жұмыс, оқыту үдерісіндегі ұлттық құндылыққа бағдарланған бағытында көрсетілген жұмыстары үлкен тәжірибе алмасудың алаңына айналды.


Сондай-ақ, іс-шара «Отаным, саған айтамын» тақырыбындағы ақын М.Мақатаевтың өнеріне арналған әдеби-саз кешіне ұласты. Әдеби кеште «Асылмұра» үйірмесінің оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, мектеп ұстаздары келген қонақтарға тамаша ән сыйлады.

«Bilim ainasy»,
Гүлдана Исаева,
Алматы қаласы
Гүлдана Исаева,
Алматы қаласы