Home » Жаңалықтар » «Жас маман» жәрмеңкесі

«Жас маман» жәрмеңкесі

Таяуда Алматы қаласы Медеу ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №64 мектеп-лицейінде «Алматы мектебі» жобасы аясында колледж оқытушылары «Жас маман» атты жәрменке өткізді. Оған  Медеу ауданының 28 мектебінен 1000-ға жуық (9-сынып — ред.) оқушылар қатысты.

Жәрменкеде №64 мектеп-лицейінің директоры Сұлтан Айтбаев: «Мектеп деген тек білім алатын мекеме ғана емес. Мектеп —  қазіргі кезден бастап, болашақтың іргетасын қалайтын жер деп айтуға болады»,- деді.

Жәрмеңкеде 30-ға жуық колледж өкілдері елімізге қажетті жоғары мамандық түрімен таныстырды.
Шара барысында мамандықты дұрыс таңдау түлектер мен ата-ана үшін маңызды екені түсіндірілді. Сондай-ақ,  мектеп бітіруші түлектерге арнайы техникалық және гуманитарлық салаға бағыттау бойынша насихаттау жұмыстары жүргізілді. Болашақ түлектерге арналған шеберлік сабақтарымен семинар өткізілді.

Жәрмеңке соңында Медеу ауданы білім бөлімінің басшысы Ағайша Сапарова: «Іс-шараны неге ұйымдастырдық? Балаларға мамандық таңдауда қателеспеу, өзінің жүрек қалауымен таңдап алуы өте маңызды»,- деді ол.

«Bilim ainasy»,
Қайсар Жұмай,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.