Home » Балабақша » «Кітап – рухани қазына»

«Кітап – рухани қазына»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Бүкіл әлемдегі кітапханалар білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені» – деді.
Осыған орай, таяуда Алматы қаласы Алмалы ауданындағы «№10 бөбекжай-балабақшасында «Кітап – рухани қазына» Ұлыбритания тәжірибесінінің жобасы аясында «Туған қаламның символы» тақырыбында өлеңді мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы саналатын мектепалды тобының тәрбиеленушілері қатысты.

Алғашқы сөзді «№10 бөбекжай-балабақша» КМҚК меңгерушісі Молжігітова Айгүл Тұрсынбекқызы сөйледі.  Кеш «Алматының алмасы» әсем биімен ашылды.
Сайыс барысында 4 топтан 17 бүлдіршін өз өнерін көрсетті. Мектепалды «Қарлығаш»,«Шағала», «Жұлдыз» және «Маржан» қазақ-орыс топтары болып бөлінді. «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деп Әбіш Кекілбаев айтпақшы, кітап жан сарайыңды байытар жалғыз қазына көзі. Ақылына ақы сұрамайтын кітаптың адамға деген пайдасы зор. Балаларды кітап оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында өткен шараның құрметті қонақтары ретінде Алматы қаласының мектепке дейінгі ресурстық орталығының әдіскерлері Тұралина Жанар Әнуарбекқызы, Раимова Ләйлә Мауленқызы шақырылды.
Әділқазылар алқалары қазақ тілі мұғалімі Малимбекова Эльза Алибековна, әдіскер Жолшыбекова Нагима Уалихановна және Алматы қаласы, Орталықтандырылған кітапхана жүйесі, №4 кітапхана-бөлімшесінен Жұмақын Ақерке Санатқызы болды. Балабақшадағы ата-аналарда өз үлесін қосып, Сәдуақас Қанат мырза «Туған жер» әнін орындады.
Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені мектепалды «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі Төралі Айару, 1-орынды «Жұлдыз» тобынан Щеблыкина Анастасия, «Маржан» тобынан Туманова Есения, Абдураймова Аниса, «Шағала» тобынан Ибрагим Милана иеленді.
Балабақшаның педагогтары «Сағындым Алматымды» әнін орындап, өз өнерлерімен көпшілікті сүйсіндірді.
Баланың дамуына ортасы тікелей әсер ететіндіктен,балабақшада тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыруға айрықша көңіл бөлінген. Балабақша әдіскері «Анамның дауысы» атты мектепалды топтарындағы электронды ертегі кітаптармен таныстырды. Сондай-ақ, кештің құрметті қонағы кітапханашы Жұмақын Ақерке Санатқызы сөз сөйлеп, балаларды кітапханаға саяхат жасауға шақырды. Шара соңында сайыс жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталып, келген қонақтарға алғыс білдірді.

«Bilim ainasy»,
Гүлдана Исаева,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.