Home » Жаңалықтар » «Алғыс айту -ұлттық құндылықтарды жаңғырту»

«Алғыс айту -ұлттық құндылықтарды жаңғырту»

Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мұра. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы.
Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошаққасынан басталады.
Отбасы –  тәрбиенің тамаша мектебі. Үлкенді сыйлауға, ана тілін ардақтауға, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелесек, ұшқанда да соны іліп, жүрген жерімізде сол құндылықтарды дәріптейміз. Әкесі мен баласы, қызы мен анасы, бозбала мен бойжеткен арасындағы жарасты қарым-қатынас отбасындағы ұлттық дәстүрді берік ұстанудың бір жолы.
Халқымыз ұлын-нарға, қызын арға балап, татулықты абысындар арасынан тапқан, жігіттің бойынан елге қорған боларлық батырлық қасиетті іздеген. Осындай тәрбие арқылы құндылықтарды қалыптастырған. Өскелең ұрпақты, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда  ұлттық құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, ата-бабадан қалған мәдени-мұраны заман талабына сай жаңғыртып, насихаттау қажеттігін атап өткен болатын. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жиі дәріптеліп отырғаны абзал.
Осындай мақсаттағы жиындар көптеп өткізілуі керек. Бұл ұрпақ тәрбиесінде аса маңызды рөл атқарады.
Осы бағдарламаны негізге ала отырып 2023-2024 оқу жылында Алматы қаласы Медеу ауданы Көлсай ықшамауданында орналасқан №194 негізгі орта мектепте ұстаздар білім алушыларға Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бар күшін салуда.
Осы орайда 1-наурыз  «Алғыс айту » күніне орай №194 негізгі орта мектебі «Әкеме мың алғыс» атты мектепішілік іс-шара өткізді. Оған бастауыш сынып оқитын қыз балалар мен олардың әкелері қатысты.  Аталған іс -шараның басты мақсаты — әке мен қыздың махаббаты мен бір-біріне деген қамқорлықтарын үлгі ету.  Қазақ халқы «қыз-қонақ» демекші , өз үйінде қызға деген ерекше құрметін көрсету және ұлттық құндылықтарымызды насихаттау.
Алғыс айту күні мектеп фоесінде құндылықтарға бағытталған әдемі көрме қойылды. Білім алушылар көрмені тамашалады. Қатысушылар номинацияларға ие болып, сыйлықтар алды.

№194 негізгі орта мектебі өз білім алушыларының бойына
«Ұлттық құндылықтардың» бір дәнегін болса да сеуіп, өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп еңбек етіп жатыр екен. Мектеп ұжымына еңбектеріңіз жана берсін дей келе, мектеп қабырғасында жүрген әр білім алушы ұлтанжанды, халқына адал қызмет ететін азаматтардан болсын дегім келеді.

«Bilim Ainasy»,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.