Home » Жаңалықтар » Қауіпсіз балалық шақ!

Қауіпсіз балалық шақ!

Бүгін, 24 ақпан күні  Астана қаласы Алматы ауданындағы Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында «Қауіпсіз балалық шақ» онкүндігінің жабылу салтанаты өтті. Оған “Әдістемелік орталығы” МКҚК басшысының орынбасары Жангелді Амиргалиев қатысты.
Шарада 4-сыныптардың “Құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім беру” жобасы негізінде “Ережені білеміз, қауіпсіз өмір сүреміз!” квест ойыны ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жол жүру ережесіне қатысты мамандармен «Балаларды қауіп-қатерден қалай қорғаймыз?» атты ашық алаңда оқушылармен, мұғалімдермен сұрақ-жауап өткізілді.
Бұдан бөлек, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулығына мұқият қарау мәселелері талқыланды.

Іс-шара соңында “Қауіпсіз балалық шақ” онкүндігінде белсенділік танытқан оқушылар, сынып жетекшілер мен мұғалімдер және сөз сөйлеген спикерлер алғыс хатпен марапатталды.

«Bilim ainasy»,
Жамиля Кайырханқызы,
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.