Home » Жаңалықтар » Тәрбие — тал бесіктен

Тәрбие — тал бесіктен

Ақпанның 23 жұлдызында Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасыт №101 мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие» және «Алматы мектебі» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында «Ұлттық тәрбие — Ел болашағы» тақырыбында мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Шарада мектеп директоры Хуршида Ниязова келген қонақтарға алғыс айтты. Одан кейін шарада Абайдың өмір жолынан үзінді келтіріп, қойылым қойылды.

Оқушылардан құрылған шығармашылық топ одан қазақтың салт-дәстүріне жеке- жеке тоқталып, түрлі қойылымдар сахналанды. «Тұсау кесу» сахналық қойылымында «Ел анасы» наградасының иегері,  Шарипа Макеева ақ батасын беріп, бүлдіршіннің тұсауын кесті. Сондай бесікке салу, баланы сүндетке отырғызу жайында да кеңінен айтылды.

-Жас ұрпаққа деген өте керемет үлгі-өнеге боларлықтай тағлымы мол шара өтіп жатыр. Бәрі басшылыққа байланысты. Хуршида еңбекқор, кішпейіл өз ісіне адал жан. Осындайды көріп өскен балалар қалай патриот болмайды? Тәрбиенің бәрін көріп, сезініп өсіп келеді. Жалпы, бұл мектепті Жетісу ауданы бойынша үздік мектеп дер едім, — деді шарада “Қазақ аналары” бірлестігінің Жетісу ауданы бойынша төрайымы, «Ана тілегі-бала жүрегі» қоғамдық қорының құрылтайшысы Гүлжазира Қаныбекова.

Шарада қоғам қайраткері Тамара Мұхтарханова барлық этностардың мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарауға және   балаларды татулыққа баулу — әр адамның міндеті екенін айтты.

-Бүгінгі өткен мерекелік кеш өте жақсы болды. Сахналанған қойылым болсын, ән би, салт дәстүрге қатысты таным түсінікті жас ұрпақ санасына сіңіру турасындағы дүниелер жақсы көрсетілді,-деді ол.

Шара барысында ата-аналар да өз тараптарынан мектеп ұжымына ризашылықтарын жеткізді. Жиында көрме де ұйымдастырылды. Мұнда пластикалық әдіспен жасалған жұмыстар қонақтар назарына ұсынылды. Жасанды интелект жайында шығармашылық жұмыстар көрсетілді. Оқушылар Мухаммед Арупов және Ұлықбек Навирдинов  асық ататын робот құрастырған.

-Біздің балалар дарынды. Тоқтамай одан әрі жұмыс істейміз. Мектепте ұстаздар  жасанды интелекті бірте-бірте оқу бағдарламасына енгізіп жатыр. Ұстаздар семинарларға қатысып, біліктіліктерін арттыруда -деді ұстаз Махирям Худакулиева. Кеш «Қазақстан» компазициясымен аяқталды.

«Bilim Ainasy»,
Жұлдыз Смаилова,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.