Алматы қаласы Алмалы ауданы №18 бөбекжай-балабақшасында Аудандық «театрдың ғажайып әлемі» байқауы өтті.
Байқау шынай әрі әділ болсын деген ниетпен көшпелі әділ қазылар тобы құрылыпты. Ол құрамда Алматы қаласы №22 балабақша меңгерушісі Валиева Жазира Иосифовна,
Алматы қадасы №10 балабақша меңгерушісі Молжигитова Айгүл Тұрсынбекқызы, Алматы қаласы №9 балабақшасының меңгерушісі Қойшыбаева Анар Альбатырқызы бар екен. Ол кісілердің қызметі байқауға қатысуға ынта білдірген сайыскер балабақшасына барып, арнайы сайыстың талабы бойынша бағалау жұмыстарын жасайды. Ешқандай саусақ басты, көз қысты болмайды. Өйткені қазір ауданнан өткендер қалаға, сосын республикаға қатысады. Сондықтан швнайылық және нағыз еңбек бағаланып өз мінберіне көтерілу керек дейді қазылар.
№18 ші Алмалы ауданының бөбекжай-балабақшасы «Толағай» аңыз-әңгіме қойылымын көрсетті. Кішкентай балалардың әрекеті үлкендерді таң қалдырды десем арық емес. Көрермен Тау көтергег Толағайды көріп, басындағы ат көтерген баланы естен шығарғандай болды.
Бұндей қойылымдар балалардың сөзді жадында сақтауға, көпшіліктің алдында жаңылмай, мүдірмей сөйлеуге, мейрім мен қаталдықты, жақсы мен жаманды ажыратуға өте көп үлес қосады. Сондықтан да болар Оқу-Ағарту министірлігінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдардамасында ұлттық құндылықтар мен әдет ғұрыптарға, әдеп пен еңбеке баулу үдерістеріне басымдылық жасалған.
38 адам қатысқан қойылымда, бір ғана ересек кісі болды. Ол кісі әңгімелеуші ролін оцнады қалған 37 балабақша бүлдіршіні әнде айтты, би де биледі, кейіпкерлерді де сомдады. Бұл қойлымды осы балабақшасының музыка жетекшілері Даулетиярова Куралай Майлыбаевна,
Байларова Нурила Бейсенбайқызы ұйымдастырып отыр.
Желтоқсанның ызғарында қабырғасы қаланып, «желтоқсанның екпінімен келген тәуелсіздік» қарсаңында алғашқы қазақ тілді балабақшалардың қарлығашы болған Алматы қаласы Алмалы ауданы №18 бөбекжай — балабақшасының меңгерушісі Тұрғымбаева Ельмира Сейтжанқызы «осы іс-шараға дайындалып, осылай алып шығуларына бір апта уақыт жұмсады» дейді.
Алматы қаласынан
Қуантай Амантайұлы
«BILIM AINASY» үшін
Тамаша болды өнерлерің өрге жүзсін балапандарым
Музыкант жетекшілері Құралай Нұрила ханымдарға алғысым шексіз
Еңбектерің жансын биік белестерді бағындырыңыздар