
Ақынның туған қызы Шолпан Мақатаева мерекелік кештің құрметті қонағы болды. Поэзия кешінің шымылдығын мектеп директоры Батырбекова Жаныл Сатаевна ханыммен ақынның жолын қуып жүрген Дархан Құдайбергенов мырза ашты.
Шарада 8-сынып оқушылары Әбдібай Ақжан мен Нұрпейісқызы Кәусар ақын өлеңіне жазылған «Ана сен бақыттысын»,
«Сарыжайлау» әндерін орындады.

Кеште балдай тәтті балалық шағында батпандай ауыр мұң арқалаған жетім өмірін сипаттайтын ақынның «Жетімдер үні» және «Бақыт деген…» атты шығармалары қойылым ретінде ұсынылды.

Әрбір өлең сүйер қауымның жүрегінен ерекше орын алған ақын туындыларын мектеп оқушылары оқып, келген қонақтарды өз өнерлерімен тамсандырды.

«BILIM AINASY»,
Гүлдана Исаева,
Алматы қаласы
Гүлдана Исаева,
Алматы қаласы