Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастық және баланы оқыту мен тәрбиелеудегі балабақша мен ата-анаға жүктелген ортақ міндет.Сол міндетті орындауда отбасы мен балабақша арасында ынтымақтастық орнату қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі. Отбасы мен балабақшаның ортақ мүддесі ол-жас ұрпақ тәрбиесі.Балабақша үшін отбасымен сабақтастықты тиімді жоспарлаудың маңызы зор.Отбасы мен балабақша бірлесе отырып оқу тәрбие жұмысын мақсатты түрде дұрыс,тиімді жүргізсе отанын сүйетін нағыз ұлтшыл азаматтарды тәрбиелеу нәтижелі болары сөзсіз.Себебі отбасы-баланың жек тұлға болып қалыптасып,елінің бір кірпіші болып қалануына септігін тигізетін мекен.Сондықтан балабақшаның оқу тәрбие жоспарында ата-анамен жұмыс жасауға ерекше мән береді.
Сол мақсатта Алматы қаласы білім басқармасының №17 бөбекжай-балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында «Екі жұлдыз бір тілек» атты отбасылық эстафеталық сайыс ұйымдастырылды.
Сайысқа қатысушы отбасылар бар ынтасымен қызығушылығымен қатысып, осы мақсаттағы іс-шаралардың жиі ұйымдастырылып тұруын сұрады.
Гаухар Муханова
Алматы қаласы №17 бөбекжай-балабақшасының әдіскері