Home » Балабақша » Үй құстары

Үй құстары

 

 

 

 

 

 

 

 

Аширова Зауре Жайлаубаевна
Алматы қаласы Алатау ауданы
МКҚК «№164 бөбекжай – балабақшасы»
Ересек «Тұлпар» тобының тәрбиешісі

Тақырыбы: Үй құстары

Мақсаты: Үй құстары және олардың балапандарымен таныстыру, үй құстары жайлы түсініктерін ажырата білуді үйрету. Триз технологиясы арқылы қиялын дамыту, ойын арқылы сөздік қорларын молайту. Үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс — тәсілі: Сұрақ — жауап, түсіндіру, көрсету, сипаттау, сергіту, ойын.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: интеративтік тақта, үй құстары туралы слайд, үй құстарының суреттері, атрибуттар.

Блингвальды компонент: үй құстары — домашние птицы, әтеш-петух , тауық- курица, балапан-цыпленок,  қаз-гусь, мамыр-гусенок , үйрек-утка, шүрегей- утенок
  

Сөздік жұмыс:  Үй құстары.

-Балалар ең алдымен«Амандасу — адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы» деп, келген қонақтарымызбен амандасып алайық
Арайлап таң атты
Күн сәулесін таратты
Сәлем деймін досыма
Сәлем деймін апайға
Осы кезде құстардың даусы шығады.
-Балалар бұл ненің даусы?
-Тауықтың даусы
-Тағы ненің даусы шығып жатыр?
-Тоты құс пен көгершінің даусы шығып жатыр.
Жарайсыңдар, құстардың даусын дұрыс таптыңдар. Бүгінгі өтетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз үй құстары туралы екен.
Үй құстарына қандай құстар жатады?
-Балалар үй құстары туралы жақсы біледі екенсіңдер.
Құстар екіге бөлінеді үй құстары және дала құстары болып.
— Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан басады.Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқорлық көрсетіп, асырайды. Қора жасайды, ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.
Қазіргі уақытта тоты құс пен көгершінді де қолға үйретіп үй жағдайында өсіреді. Әр құстардың өзіне арналған ұялары болады.
Үй құстары туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Аяулым..
Ақ тауық-ау, ақ тауық,
Ақ тауық неткен қақсауық,
Аяп жүрсем тауықты.
Бір жұмыртқа тауыпты.
— Жарайсыңдар! Енді үйрек туралы тақпақ айтайықшы.
Аяла. Үйрек айтты га-га-га,
Шыға алмаймын жағаға.
Су іздесең мұнда кел,
Самал жел бар мұнда да.
— Енді қаз  туралы тақпағымызды айтайық.
Әміре. Қазым, қазым, қаңқылда,
Көлде жүзіп салқында,
Жем шашайын жейсің бе?
Кәмпит берші дейсің бе?
Жоқ, жоқ, жоқ
Кәмпит тәтті, болмайды ас.
Арпа менен бидай шаш.
Балалар орнымыздан тұрып ата-аналарымыздың көмегімен жасалған ұяны ағашқа ілейік.
Сергіту жаттығуы
Қане қанат жазайық
Қарлығаш болып ұшайық
Ұшып, ұшып алайық
Сауысқан болып секіріп
Торғай болып қонайық
Топқа бөлініп отырып тапсырмаларды орындайық. Бірінші топтағы балалар мақта жастықшасы арқылы балапанның бейнесін жасаймыз. Екінші топтағы балалар алаұанымызды бояуға батырып, бастыру арқылы тауықты бейнелейміз. Үшінші топтағы балаларымызды әр түрлі пішіннен балапанның бейнесін жапыстырамыз.

Қорытынды:
— Балалар, сонымен үй құстарына нелер жатады?
— Үй құстарының балапандарын не деп атаймыз?
— Жарайсыңдар, балалар тілімізге жаттығу жасау үшін үй құстарының дауысын салдық, енді есте сақтау қабілеттеріңді тексеру үшін «Ойлан, тап!» логикалық ойын ойнаймыз, ойынның шарты  дауысын есту арқылы қандай үй құсы екенін табуымыз керек.

— Жарайсыңдар! Есте сақтау қабілеттерің өте жақсы екен.

46 комментариев

  1. Балаға керек мәлімет екен, өте дұрыс.
    Жарайсың Зауре

  2. Зауре апай өте жақсы апаймыз қызымның

  3. Зауре апай мықты маман, қызым осы апайға барғалы көп нарсены үйренді.

  4. Рузанна

    Керемет! Зауре апай жұмысыңыздың жемісін көріңіз💐

  5. Курбанова Дилдара

    Өте керемет. Балаларға пайдалы мәліметтер көп. Жумысқа сәттілік! 👍

  6. Ақмарал

    Балларға мейірімді, сөзіне берік,шыншыл мінезді,ерен еңбекшіл Зауре апай менің екі баламды тәрбиелеген керемет ұстаз, жарайсыз Зауре апай, еңбегіңіздің жемісін көріңіз!!!

  7. Сандуғаш

    Зәуре апай мықты мамансыз! Жарайсыз!

  8. Жарайсыз апай.

  9. Керемет!Балаларға пайдалы ақпарат көзі.Сәттілік тілейміз!✊️

  10. Зәуре апай өз маманының білгірі.
    Балалар да жақсы көреді.
    Өте керемет!.

  11. Гүлбақыт

    Зәуре апай өте білімді,сабырлы,сөйлеу мәнері де жақсы,балалармен сөйлесуі де керемет,барлығын түсінікті етіп әрбір жұмысын тиянақты істейді,балаларды өзіне қарата біледі жақсы жұмыс жасайды екен

  12. Зауре апай оте жаксы Адам.Балаларга оте мейрімді.Кызым катты жаксы кореді апайын.Коп нарсе уйретип жатыр балаларға.Жумысына табыс тілеймін

  13. Зауре апайымыз кушти биздин!Айгерим апай екеу

  14. Зәуре апай өз маманының шебері.білімді өнерлі.жұмысыңа сәттілік берсін.әр күніңді қызықты сабақтарыңмен балаларға тәрбие ьеріп білімдерін шыңдай бер.Сәттілік әр күніңе.

  15. Өте жақсы тақырып, енді құс іздейміз

  16. Зауре керемет ,тәжірибелері тәрбиеші,еңбегің жансын

  17. Нургуль А

    Зауре апай білікті маман иесі.Шығармашылық жағынан өте керемет.
    Өнеріңіз өрге жүзе берсін!

  18. жарайсыз👏👏Зауре апай

  19. Зауре Жайлаубаевна, керемет білікті маман, өз ісінің шебері. Үлгілі ұстаз. Шығармашылық табыс тілеймін.

  20. Такирова Айгерим

    Зәуре Жайлаубаевна өз ісінің маманы, тәжірибесі мол тәрбиеші. Творчестволық табыс тілеймін. Биіктен көріне беріңіз

  21. Зауре Аманалиева

    Зауре Жайлаубайқызы өз ісінің шебері. Білікті маман. Шығармашылық табыс тілеймін

  22. Зәуре керемет еңбекте табысты бол!

  23. Ақжаркын

    Зауре апай өте білікті, керемет тәрбиеші
    Жұмысыңыз ылғида бағалана берсін👏👏

  24. Зауре апай керемет👍👍👍👍

  25. Өте керемет апай . Балдарға керек тақырып

  26. Тек қана алға! Керемет!

  27. Катя апай

    Зәуре Аширова өте білімді тапқыр өнерлі ақылы біліміне сай тәрбиеші тек биік шындардан көріне бер Балалардын сүікті тәрбиешісі

  28. Диана Ахмадиева

    Алар асуларыныз коп болсын 👍👍👍💐💐💐

  29. Арайлым Нуриденовна

    Өте керемет.Тек алға

  30. Керемет
    Сәттілік

  31. Жанар Шакирова

    Зауре Жайлаубаевна сізге творчестволық табыс тілеймін.

  32. Өте білікті маман!

  33. Айгерім

    Өте керемет, сәттілік сізге Зәуре әпке

  34. Керемет! Сәттілік!

  35. aijanbejzatova@gmail.com

  36. Зәуре тек алға, жарайсың 👍тақырыпты жақсы қамтыдың. Сабағың жоғары деңгейде өтті деген сенімдемін! С/б: құрбың досың Лаура

  37. Керемет жарайсыз.

  38. Зауре апай саттылык тек алга 👍👍👍👍

  39. 164 балабақшасының білікті маманы. Өз ісіне өте жауапты қарайды.

  40. Зауре апай өте білімді маман. Жан-жақты. Өнерлі. Жауапкершілігі бар. Сізге сәттілік.

  41. Нұргүл Мырзағали

    Зауре , бала тәрбиесіндегі ізденісің нәтижелі болсын! Сендей өз ісіне шебер тәрбиешілер көп болсын! Шығармашылық табыс тілеймін!

  42. Махаббат

    Жарайсыз, өрлей беріңіз

  43. Гулзинат Баймешова

    Зәуре жарайсын ,шығармашылық табыс тілеймін!

  44. Зауре ең керемет тәрбиеші

  45. Керемет жарайсың!

  46. Зауре жарайсың!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.