Алматы қаласы №1 мектеп-гимназиясында 1989 жыл 15 ақпан Кеңес одағы интернационалист жауынгерлердің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ардагерлердің құрметіне мерекелік іс-шара өтті.
Оған Ауған соғысының ардагерлері Крыжановский Александр Владимирович және Анатцкий Владимир Григорьевич қатысты.
Шарада ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларды, әртүрлі ұлттан құралған әскердің достығы мен көрсеткен ерліктерін айтты. Оқушылар ардагерлерге өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Сахналық қойылымдар қойылып, әндер айтылды.
-Біз оқушыларды өз Отандарын сүюге, патриоттық рухта тәрбиелеуге тырысамыз. Ерлік ұмытылмайды, замандарға жалғаса береді. Бүгінгі іс-шараға қатысуға тілек білдірген ардагерлерге мың да бір алғыс айтамын, — деді мектеп директоры Динара Джанзакова.
«BILIM AINASY»,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы