Home » Жаңалықтар » «Еліміздің рухын көтерген – спорт саңлақтары» 

«Еліміздің рухын көтерген – спорт саңлақтары» 

Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі – ұрпақ тәрбиесі.  Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде де өзекті. Осы орайда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды оқушының бойына сіңіру, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатында 13.02.2024жылы күні №33 мектеп – лицейінде Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру, білім алушылар арасында спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын дәріптеу, ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматтарына қарап бой түзеуіне ұйытқы болу мақсатында «Еліміздің рухын көтерген – спорт саңлақтары» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.

Кездесуге Абай облысы, Семей қаласының тумасы еркін күрес шебері, алты дүркін Қазақстан чемпионы,
Азия чемпионатының күміс (Дели, 2017) және қола медаль (Бішкек, 2018) иегері. Азия чемпионатының екі дүркін (Ұлан-Батыр 2022, Астана 2023) жеңімпазы және еркін күрестен әлем чемпионатының  екі дүркін қола жүлдегері (Сербия 2022, Белград 2023), командалық әлем чемпионатының қола жүлдегері (Коралвилл 2022), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Азамат Нұрбекұлы  Дәулетбеков пен Жамбыл облысы, Луговой ауылының тумасы Азия чемпионатының
2 мәрте қола жүлдегері (Сиань 2019, Нью-Дели 2020)
Азия чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері (Алматы 2021, Ұлан-Батор 2022), еркін күрестен Қазақстан чемпионы (Астана, 2024)
Ерғали Әлішер Ерғалиұлы қатысты. Шарада мектеп директоры
Алиев Нұрлан Меркенұлына сөз сөйлеп, қос спортшыға қош келдіңіздер деді.

Шара барысында 11-сынып оқушысы Әтен Адина ән айтты. Ал 9-сынып оқушысы Ғалымжанұлы Айдар
«Жантөре шалқыма» күйін шертті.

Кеш барысында қонақтар өздерінің жеткен жетістіктерін, сол жетістікке жету жолындағы еңбектері мен қиындықтары туралы сөз етті. Спортшылар өз табыстарының құпияларын ашып, шеберліктерін көрсетті. Оқушылар спортшыларға  көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды, қызықты ойындар ойнады.

Кездесу соңында оқушылар атақты спортшылардан қолтаңба алып, естелікке суретке түсті. Келген қонақтарға мектеп басшылығы атынан сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар
мектеп ұжымы мен оқушылар
төрткүл дүние көз тіккен төрт құрлықтың басты бәсекесі — Париж-2024 жазғы олимпиада ойындарына лицензия ұтып алған Азамат Дәулетбековқа сәттілік тіледі.

«BILIM AINASY»,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.