9 ақпан күні Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы №172 бөбекжай балабақшасында аудандық «Балабақшада заттық кеңістіктік дамытушы ортада ұйымдастырылған іс-әрекеттің әдіс-тәсілдері» атты семинар өтті.
Семинардың мақсаты – балабақшада жаңашыл әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы тәрбие мен оқыту процессінің сапасын арттыру, тәжірибе алмасу, құзыреттілік орталықтардың іс-тәжірибесін тарату.
Наурызбай ауданы балабақшаларының әдіскерлері, тәрбиешілері мен меңгерушілері қатысқан семинарда білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова мен бас маман Мәншүк Зеитова педагогтерге сәттілік тіледі.
«№172 бөбекжай балабақшасының» меңгерушісі Айман Нурасилова өз балабақшасында жүргізіліп жатқан жобаларымен таныстырып, идеяларын ұсынды. Сондай-ақ «Сөйлейтін қабырғалар» технологиясын енгізудің тиімділігі мен маңыздылығын атап көрсетті.
Семинар барысында балабақша психологы Нұржамал Тохтабулатова «Көңілді шарлар» атты тренинг-жаттығу өткізді. Тренинг кезінде қатысушылар бір шарды таңдау арқылы қысқаша мәлімет беріп, өзін таныстырды.
Сонымен қатар семинарда «Құзыреттілік орталықтардағы ұйымдастырылған іс-әрекеттері» тақырыбында тәжірибелік алаң ұйымдастырылды. Бұл алаңда балалардың жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топтарға бөлінді.
Семинарда құзіреттілік орталықтарының дұрыс ұйымдастырылуы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру барысындағы жаңа озық тәжірибелері таныстырыла отырып, пікір алмасты. Балабақша педагогтері Кеңесбекқызы Қарлығаш, Жұмабекова Нұргүл «Шығармашылық шыңы» атты шебер-классын өткізді.
Балабақшада балалардың денсаулығын нығайтуға арналған «Тұз шахтасы», үйірме жұмыстары «Асық ойнау», «Тоғыз құмалақ» ойындары ұйымдастырылған.
«BILIM AINASY»,
Гүлдана Исаева,
Алматы қаласы