Home » Жаңалықтар » Атадан қалған ұлы сөз

Атадан қалған ұлы сөз

Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында Алматы қаласы білім басқармасының № 22 бөбекжай- балабақшасында «Мақал сөздің азығы, жұмбақ — сөздің қазығы» тақырыбында ертеңгілік өтті.

№22 бөбекжай — балабақшасы  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және «Қазнұр» гуманитарлық колледжі студенттерінің практикадан өтетін базалық алаңы болғандықтан студенттер де өздеріне тәлім-тәрбие, тәжірибе алды.

Ертеңгілікте  “Алпамыс” және “Сұңқар” ересектер тобының балалары  екі топқа бөлініп, төрт кезең бойынша жарысқа түсті. Бірінші кезеңде балалар  өздері білетін мақал-мәтелдерді айтса, екіншісінде алғырлықтарын сынап, суретке қарап мақал-мәтелдер құрастырды. Үшінші кезеңде балалардың ой-өрісін, жылдамдығын сынау мақсатында түрлі жұмбақтар жасырылды. Ал соңғы турда  “Асық ату”, “Арқан тартыс”, “Алаша”, “Ханталапай”,”Ақ серек-Көк серек” секілді ұлттық ойындар ойналды.  Нәтижесінде екі топ тең түсіп, балабақша меңгерушісінің мақтау қағазымен марапатталды.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»- ұлттық, адами құндылықтар негізінде тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру – мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті екенін  балабақша меңгерушісі  Валиева Жазира Иосифовна  түйіндеді .

Әдіскер Алиева Мадина Жумабековнаның бақылауымен ертеңгілікті ұйымдастырған педагог — сарапшы ересек топтарының тәрбиешілері Искалиева Меруерт Дуйсенбаевна  мен  Юсупова Молдір Мауленовна бүлдіршіндерге ұлттық ойындар ойнату, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар үйретудің негізгі мақсаты — ұлттық дәстүрді бала санасына құйып, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, бауырмалдыққа, қамқорлыққа баулу екенін айтты.

“BILIM AINASY”,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.