Home » Мақалалар » «Ақшақар және  жеті ергежейлі» ертегі қойылымы

«Ақшақар және  жеті ергежейлі» ертегі қойылымы

Тулегенова Гульбану Аркабаевна      
Астана қаласы №7 «Аққу»балабақшасы
музыка жетекшісі:

 «Ақшақар және  жеті ергежейлі» ертегі қойылымы.

«Ертегілер елінде» қалалық байқауға сахналық қойылым.
Музыка ойналады.

Автор :
— Жер бетін қалың қар басқан қыс мезгілі болатын. Терезенің алдында Ханшайым кесте тігіп отырады. Ғажайып қиялға бөленіп отырып байқаусызда қолына ине кіргізіп алады. Кестенің үстіне үш тамшы қан тамып кетеді.

Сонда ол: «Шіркін, бет-жүзі мына қар сияқты аппақ, бетінің ұшы мына қан сияқты алқызыл, шашы мына терезенің жақтауларындай қап-қара бір қызым болса ғой!»-деп ойлайды. Көп уақыт өтпей ханшайым жүкті болып өмірге қыз келеді. Оған Ақшақар деп ат қояды. Алайда ханшайым бірнеше сағаттан кейін қайтыс болып кетеді.

Бір жыл өткен соң патша басқа әйелге үйленеді.Жаңа Ханшайым өте сұлу,тәкаппар болады. Ешкімнің сұлулығы өзінен асып кеткенін қаламайды.

Өзінің бір сиқырлы айнасы болады. Күнде сол айнаға қарап , сағаттар бойы өзіне тамсанып , сұрайды

 Тәкаппар Ханшайым : -Айна, айна  менен асқан сұлу барма, жоқпа?
-Айна, айна тек шыныңды айтшы-деп сұрайды.
Сонда айна оған:
— Бұл дүниеде сенен асқан сұлу жоқ ,-деп жауап береді.
Ақшақар он төрт жасқа келгенде, айнасы:
-Ханшайым сіз сұлусыз. Бірақ, Ақшақар сізден де асқан  сұлу,-деп жауап береді.

Автор:Мұны естіп ызадан жарылардай болған ханшайым, қызғаныштан жүрегі қарс айырылып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалады. Амалы таусылған ханшайым Ақшақардың көзін құртуды ойлап, сарайына  аңшылардың біреуін шақыртып: (музыка әуені қойылады) Аңшылар келеді.

Тәкаппар Ханшайым:-Мына қызды орманға апарып, ағашқа байлап тастаңдар,-леп тапсырма береді.

Автор:Аңшылар Ақшақарды орманға әкелгенімен жылағанын көріп, оны  бос жібереді. Орманда жалғыз  көп  жүреді. Кеш батып, қас қарайғанда  бір  кішкентай үйшікке кезігеді. Есігін ұрса, ешкім ашпайды. Не де болса ішке кіреді.

Үйдің ішінде жеті кішкентай орындық, азықтарғ толы жеті кішкентай табақ, керуетті көреді. Әрі күтіп, бері күтіп, ешкім келмеген соң  шаршаған қыз ұйықтап кетеді. (Көңілсіз Әуен ойналады)
Біраз уақыт өткен соң үй иелері келеді. Олар таудың ішінде қазба байлықтар қазатын жеті ергежейлі екен.
Ақшақарды көріп «Қандай сұлу қыз!»деп таң қалады.
Таң атып, Ақшақар ұйқысынан оянады.кішкентай адамдарды көріп қорқып кетеді. Біраз уақыт өткен соң оларға үйреніп, жақсы адамдар екеніндігіне көзі жетеді.
Ергежейлілер Ақшақарға өз үйлерінде тұруға рұқсат береді.
Бір күні   ханшайым айнасына қарап сұрайды.

 Тәкаппар Ханшайым:     -Айна, айна  меннен асқан сұлу барма, жоқпа?
— Ия сіз сұлусыз, бірақ таулардың ар ар жағында ергежейлердің кішкентай үйіндегі  Ақшақар сізден де   сұлу,- деп жауап береді.

Автор:Бұл жолы қызыл алманы өте улы затпен  улайды. Қайыршы кемпірдің киімін киіп, жолға шығып,  жеті ергежейлер үйіне барады.
Тәкаппар Ханшайым: Қып қызыл алма сатамын, қызыл алма сатамын дейді
Ақшақар:-Амансыз ба? Әже. маған бір алма беріңізші .
Тәкаппар Ханшайым:-Ала ғой, қандай тәтті алма,-деп қызға қолын созады. Қыздың алманы тістегені сол еді , жерге құлап түседі. Залым ханшайым қыздың қимылсыз жатқанын көріп, «Ақыры сеннен құтылдым»,-деп қуанып кетіп қалады. Бұл жолы ергежейлілер ешқайсысы Ақшақарды оята алмай, жылап не істерін білмейді.
Бір уақытта музыка әуені ойналып, атқа мінген  Ханзада келеді. Сол күннен бастап Ақшақар мен Ханзада бақытты ұзақ  өмір сүріпті.

Қойылымды сахналаған кейіпкерлер:
Автор: Ахметжан Айша.
Патша, аңшы, Ханзада рөлінде: Ахметжан Ағзам
Тәкаппар Ханшайым рөлінде: Укубаева Адина
Ақшақар рөлінде: Дауытбек Айкүміс.
Ергежейлілер рөлінде: Амангелді Ильияс
Альбеков Сұлтан
Мақсатов Шах-керім

33 комментария

  1. Жанерке

    Гульбану Аркабаевна өз ісінің маманы. Жұмысыңызға тек сәттілік тілейміз. Еңбегіңіз жана берсін!!!

  2. Қойылым өте тамаша! Білікті маманның қолынан шыққан туынды екені көрініп тұр! Гулбану Аркабаевна еңбегіңіз елене берсін!

  3. Гүлбану еңбегің тамаша! Әрқашан биіктен көріне бер!

  4. Керемет! Шығармашылық табыс тілеймін!

  5. Әсемгүл

    Тамаша! Шәкірт жолында жасап жатқан еңбегіңіз елене берсін!

  6. Кенжегул муз

    Гулбану апай шығармашылық қабілетіңіз өте мол биік еңбегіңіз өрлей берсін басшы болуга өте лайықтысыз

  7. Нұржамал

    Гүлбану апайымыз өз ісінің нағыз шебері. Өскелең жас ұрпақ тәрбиелеу ісіңізге тек табыс тілеймін.

  8. Енбегиниз жана берсин шығармашылық жұмыстарының коп болсын

  9. Арыстанова Ризагуль

    Гүлбану Аркабаевна Еңбегініз елене берсін! Биік шыңдардан көріне беріңіздер 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  10. Гүлдана - педагог-модератор, музыка жетекші

    Гүлбану Аркабаевна өте мықты музыка жетекшісі, біліктілігі мен шығармашылығын биік дәрежеде көрсете білетін маман, еңбегіңіз жана берсін

  11. Гульсинай

    Гульбану Аркабаевна шығармашылық жұмыстарыныңыз коп болсын, Жас ұрпақты іс-әрекетпен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу ісіңізге сәттілік тілеймін.

  12. Өте керемет!! Жұмысыңызға сәттілік

  13. Өте керемет! Еңбегіңіз елене берсін. Ата аналардың ыстық ықыласына бөленіп жүре беріңіз.

  14. Эльмира

    Гулбану Аркабаевна шығармашылық шабыт, табыс тілеймін. Мықтысыз… Жарайсыз

  15. Балгабай

    Гульбану Аркабаевна сизди улгили устаз ретинде танимыз!онерли шакирттериниз коп болсын,шыгармашылык табыс тилеймин,тек БИК шындардан корзине бериниз

  16. Гульбану Аркабаевна сізге тек сәттілік!Еңбегіңіз елене берсін, үлкен жетістікке жете беріңіз!

  17. Мейрамгуль

    Гүлбану апай! Еңбегіңіз бағаланып, жұмысыңызда жетістікке жете беріңіз!!!

  18. Еңбегіңіз елене берсін! Шәкірттеріңіз тек биіктерден көріне берсін!

  19. Гульзат

    Өте керемет

  20. Гүлбану Арқабайқызы! Өз ісінің маманы, заманауи мұғалім!!!

  21. Айгерим

    Гүлбану Аркабаевна
    Жарайсыз😘😘Еңбегінздің жемісін көрініз😘👏
    Аққу балабақшасының
    Үздік жетекшісі

  22. Айгерим

    Гулбану Аркабаевна Жарайсыз👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻 еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Күшті бәрі
    Аққу балабақшасының Ең үздік жетекшісі ❤️
    Аққу тобының ата-анасы Ханның мамасынан үлкен рахмет сізге 💐

  23. Үміт Сабитовна

    Гулбану Аркабаевна женістеріңіз молынан болсын,әрқашан булдіршіндеріңіз тек биіктен корине берсин,түрлі сипаттағы музыкалық шығармалармен тек үздіктер қатарынан көрініп журе беріңіздер!!!

  24. Гулбану Аркабаевна ❤️Еңбегіңіздің жемісін көріңіз, тәрбиеленетін шәкірттеріңіз көп болып, алған білімдерімен жоғары дәрежелерге жетіп, сіздің еңбегіңіз бағалана берсін! Сәттілік жұмысыңызға

  25. Гульбану апай , профессионал своего дела 👏🏽👏🏽👏🏽👍🏾

  26. Ақберен Парахатовна

    Гульбану Аркабаевна сіз нағыз өз мамандығыңыздың иесісіз.Еңбегіңіздің жемісін көріңіз,сіз тәрбие берген бүлдіршіңдеріңіз тек биіктерден көрініп,сізді қуанта берсін🙏🏻
    Жұмысыңызға әруақытта сәттілік тілеймін💐

  27. Мажитова Жанар

    Өте мықты маман,өз ісінің іскері Сәттілік.Шығармашылық сізге

  28. Айгерим

    Оте керемет апай оз исинин маманы🌹

  29. Гульмира

    Гүлбану Аркабавна,өте керемет қойылым.Шығармашылық табыс тілеймін, еңбегіңіз жана берсін.Сәттілік.

  30. Тек биік шыңдардан көрініңіз

  31. Керемет қойылым сәттілік

    akhmetova@gmail.com

  32. Арайлым

    Қойылым өте тамаша, апайларымыз үлкен рахмет🌸🌸👍👍

  33. Керемет койылым! Гульбану Аркабаевна, Сауле Шойынбаевна биік шындардан көріне беріңіздер

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.