Оқу-Ағарту министрлігінде өте жақсы бастамалар жасалып жатқанын біреу білсе, біреу білмей жатады. БАҚ өкілі ретінде ізгі істерді насихаттау парызымыз деп білеміз. Сонымен міне биыл «біртұтас тәрбие бағдарламасы» басталды. Ол 19.09.2023 жылғы №294 бұйрықпен негізделген. Бұл жерде басымдық ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР — ҰЯТ, ТАЛАП сынды құнды ұғымдарға берілген.
Біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаты — ұлт сапасын арттыруға арналған. Ата-анамен жұмыс, тәрбиелік үлгі болу, жан-жақты мейрімділік көрсету болады.
Осы бағытта Астана қаласының №81 халықаралық бакалавриат таныған әлемдік мектебінде болып, мекеме директоры Гүлнара Дінқуатқызымен аз-кем сұхбаттасқан болатынмын. Соны назарларыңызға ұсынамын.
Республикалық «BILIM AINASY» жобаларының негізін қалаушы, «ҚАЗАҚ ТІЛІ: шашу» оқу-танымдық кешен авторы, журналист: Қуантай Амантайұлы
#ІЗГІ ҚАДАМ