2019 жылдың 3 қазаны күні №64 мектеп-лицейде «Таза болса табиғат, аман болар адамзат!» атты Республикалық экосағатқа арналған экологиялық маңызы бар іс-шаралар өтті. Іс-шараның ашылуына арнайы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Көшербаев Ермек Беделбайұлы және Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы әкімі Сарсенбаев Әділбек Зейнуллаұлы келіп қатысты.
Іс-шара мақсаты – мектеп оқушыларының бойына табиғатты қорғауды, аялауды ұғындыру. Кең байтақ еліміздің әсем табиғатын қорламай, қоршаған ортаны бағалай білуді түсіндіру. Салтанатты ашылудан кейін, оқушылар қонақтармен , ұстаздармен бірге ағаш отырғызды. Іс-шара барысында жаңа форматта сынып сағаттары өтті. Сондай-ақ бірыңғай экосағат, квест,танымдық ойындар және дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Туған өлкеге ұқыпты қарау, табиғи ресурстарды сақтау, өсімдік және жануарлар әлемін, су ресурстарын сақтау, салауатты эко-әдеттерді: экодемалысты, дұрыс тамақтануды дамыту бойынша бүгін түрлі шаралар өтті.
Шара соңында 30 шырша ағашы, бұйра үйеңкіден – 20, тау гүлінен көшеттер егіліп, түгелдей су құйылды. Мектеп оқушылары белсенді ат салысып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты.
Мұрат Ескендірұлы Ахметов,
№64 мектеп-лицей директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары