Home » Жаңалықтар » Дана ұрпақ тәрбиелеп жүрген дара ұстаз

Дана ұрпақ тәрбиелеп жүрген дара ұстаз

«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар және аса қанағатшыл, жаны асқақ, ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деп ұлы ойшылымыз Әл-Фараби нағыз ұстаздың басқадан биік бейнесін анық сипаттаған. Ал, Асия Авдхалым сол бейненің ерекше үлгісіндей. Ұстаздықтың адамдықтан бастау алатын дәлелдеп жүрген жан бала күнінен ұстаз болуды армандапты. Сол арманының жетегінде жүріп, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Екібастұз филиалына оқуға түсіп, тарих пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығады. Өз еңбек жолын 2002 жылдың қыркүйек айынан Павлодар облысы, Аққу ауданы, Жамбыл ауылында тарих пәні мұғалімі ретінде бастаған. Ал, 2010 жылдан бер Нұр-Сұлтан қаласының «№53 мектеп-лицейінде» тарих пәні мұғалімі міндетін атқарып келеді. Қазіргі таңда педагог-зерттеуші санатындағы ұстаздардың бірі. Білімімен дараланған маман 2010-2019 оқу жылдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығында жаңа шыққан оқу әдебиеттерге сарапшы ретінде шақырылып отырған. Еңбекқор ұстаздың елеулі еңбегін, шаршауды ұмытып жасаған шығармашылық жұмыстарының нәтижесін алған марапаттарынан анық байқауға болады. 2015 жылы «Ұлттық тарих және «Мәңгілік Ел» идеясы» тақырыбында мектеп оқушылары арасында өткізілген Республикалық «Гумилев олимпиадасындағы» ғылыми жобаға жетекшілік жасағаны үшін арнайы Сертификат және АЛҒЫС ХАТ иеленсе, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығына орай «Тәуелсіздік толғауы» ұранымен «Қазақстан тарихы» пәнінен өткізілген қалалық олимпиада оқушыларының жоғары жетістігі үшін ерекше АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталған. 2015 жылы Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру мен білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі, Астана қаласының гүлденуі жолындағы абыройлы ісі үшін Білім басқармасы басшысының және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған онкүндікте С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық Университетінің арнайы АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталған. «АСТАНА ДАРЫНЫ» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы өткізген, Жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ /аудандық/ кезеңінде оқушысы Орал Абдрауфпен бірге ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталған.  2016 жылы «АСТАНА ДАРЫНЫ» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы өткізген, жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ /қалалық/ кезеңінде тағы да үздік оқушысы Орал Абдрауфпен бірге ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды.  2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында білім саласындағы педагогикалық кәсіби құзіреттілік деңгейінің жоғарылығы, өзіндік белсенділігі, шығармашылық жұмыстары үшін Астана қаласы, Білім басқармасының басшысы арнайы АЛҒЫС ХАТПЕН марапаттаған. 2017 жыл «АСТАНА ДАРЫНЫ» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы өткізген, жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ /аудандық/ кезеңінде оқушысы Сайлаубек Баянмен бірге ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталған.  2018 жылдың 28-наурызында өткен Елордамыз Астананың 20 жылдығына арналған «Өскелең ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыру мәселелері» атты теориялық-методологиялық семинарға қатысқаны үшін СЕРТИФИКАТ иеленген. 2018 жылы «Адам. Қоғам. Құқық» бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып аудан бойынша ІІІ орын алғаны үшін арнайы МАДАҚТАМАМЕН марапатталса, 2019жылы Жалпы орта білім алушылары арасында қашықтықтан ұйымдастарылып жатқан  www.kio, www.tio, www.nio, олимпиадаларына оқушылары қатысып алғашқы орындарды иеленгені үшін АЛҒЫС ХАТТАРМЕН, ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫМЕН марапатталған. 2018 жылы «АСТАНА ДАРЫНЫ» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы өткізген, жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ /қалалық/ кезеңінде оқушысы Авдихалых Данамен бірге ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталса, Қазақстан тарихы пәні бойынша «Зейін» Республикалық олимпиадасында  ІІІ орын алғаны үшін арнайы ДИПЛОММЕН марапатталған. Республикалық Ш.Уәлиханов қашықтық олимпиадасының жеңімпазы мен жүлдегерлерін дайындағаны үшін арнайы ДИПЛОММЕН және «Фонд развития общественно значимых инициатив за активное продвижение экологической культуры в рамкак проведения Республиканского конкурса «Эко Challenge» арнайы АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталған. 2018-2019 оқу жылы бойынша мектеп тарапынан арнайы «Сенім» грамотасының иесі атанған. Жетістіктерге бай ұлағатты ұстаз тек білім берумен ғана шектелмей, оқушыларының рухани дамуына да көп көңіл бөледі. Сол мақсатта ай сайын жалпы бір сыныпты тетарға апаруды дәстүрге айналдырған. Одан бөлек мұражайларды аралау үрдісін де қалыптастырған. Шәкірттерін кітап оқуға баулып, сабағына қызықтыра түсуді мақсат еткен дана ұстаздан білім алу да бір бақыт екені анық. Шабытыңыз сарқылмасын дейміз. Ал, шәкірттеріңіз ұстазындай адамдық қасиетті ұлықтаушылардың қатарынан болғай.

 

 

 

Жұпар САНСЫЗБАЕВА,
«BILIM AINASY» газеті,
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.