Home » Жаңалықтар » Надандық – ғылым-білімнің жоқтығы

Надандық – ғылым-білімнің жоқтығы

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де — бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар, қалан!

Абай

Абай сөзінің жаны бар. «Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың», — деген дана ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа қалай айтпайсыз?

«Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың хас» жауы демейме. Білім мектеп деген тұңғиықта, теңізге тамған тамшыдай үздіксіз беріледі. Кез келген ата-ана өз баласының рухани санасы жоғары, ақылды, парасатты болуын қағалайтыны қақ. Рухани жаңғыру заманында білім мен тәрбие қатар қалыптасады. Жастардың санасын оятып, патриоттық сезім ұялату үшін атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен салтымыз бен дәстүрімізді ғана жаңғыртпай, тарих сахнасынан ойып орын алатын алыптарымызды насихаттау арқылы тәрбелеу де игілікті іс.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім,-

деп Абай атамыздың өзі айтқанындай, бүгінгі күн талабындағы жастардың санасына осыны жеткізіп, елінің болашағына үлес қосатын ұрпақты тәрбиелеу.

Осы орайда Петропавл қалалық Қазақ мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Солтан Алтай мен Қасқырбаева Жадыраның ұйымдастыруымен өткен «Өлмейтұғын артына із қалдырған…» атты ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш  осының куәсі.

Абай шығармашылығын оқушыларға оқыту бір басқа да, оны жан- тәнімен сүйсініп оқу бір басқа. Қазіргі жастар іштен біліп туған деп, мысқылдап жататын көкелеріміз көп қой. Балаларының дарыны мен қабілетін көретін, байқайтын ата-ана болса нұр үстіне нұр.

Әлем мойындап отырған Абайдай алыпты қара домалақ қазақ оқымаса, біздің қазақтығымызға үлкен сын емес пе? Бәсекеге қабілетті жасампаз ұрпақтың өсіп-өркендеуі жаңашыл, талапшыл ұстаздың еңбегі. Бүгін болған әдеби кеш осының айқын дәлелі. Болашақта да Абай шығармашылығын насихаттауды тоқтатпаймыз, — дейді кешті ұйымдастырушылар.

 

 

Жазира Көкбасқызы,

«BILIM AINASY»,

СҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.