«Менің мамандығым — кітапханашы»
Ғасырдан жұмбақ ашқан талай кісі,
Сырың мол, мұра ғажап арайлысың,
Сан тұрпақ — сусындаған кітапхана
Сарқылмас парасаттың сарайысың.
Шекспир бір сөзінде «кітап маған тақтан да қымбат» деген екен. 15 қазан осы қағиданы ұстанып, кітапты жанына серік қылған, оқырманы келсе жаны жай таппайтын аяулы кітапханашыларымыздың төл мерекесі. Төл мерекесі дегенге келмес, өйткені «Кітапханышлар күні» деп заңды түрде белгіленбеген, 15 қазан Алматы қаласының әкімшілігінің бастамасымен бекітіліпті, 10 жылдан астам уақыт бойы елімізде шама шарқынша аталып бұл мерекені бірі білмесе, енді бірі біле тұра көңіл бөлмейді. Мемлекетімізде кітапханшылар күні аталуының өзі- осы мамандық иелеріне деген сый- құрметтің нышаны болып отыр.
№3 Талапкер орта мектебінің кітапхана оқу залында осындай сый- құрметте аудан мектеп кітапханшыларына арналған «Менің мамандығым кітапханашы» атты семинар болып өтті.
Семинар мектеп директоры Абеева Сағынбала Хасенқызының кітапханашыларды төл мерекесімен құттықтап ашылуымен басталды. Музыка пәні мұғалімінің бастауымен мектеп оқушылары кітапханашыларға деген сый-құрметтерін музыкалық сәлем ретінде кітап және кітапханашылар туралы өлең жолдарын үш тілде жолдады. Аудан оқу бөлімінің кітапхана ісі жөніндегі әдіскері Мұқашева Гүлнар Советқызы мектеп кітапханшыларын төл мерекесімен құттықтап, аудан оқу бөлімінің басшысының «Алғыс хатымен» марапаттап, қатарымызға енді ғана қосылып жатқан жас мамандарға гүл шоқтары ұсынды.
Одан әрі жоспар бойынша мектеп кітапханашысы жас мамандарға арнап кітапханашы мамандығының қыр сыры туралы толығырақ мәлімет берді:
Бүгінгі таңда елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асуда, Бұл сандық технологиялық тың жаңалығы бізге де келді. Электронды кітапхана қалыптасқалы бері кітапхана қорындағы кітаптардың барлығын копьютерлік тізімге енгізіп жатырмыз. Жаңашыл жүйеден ұтарымыз көп. Біріншіден, біздің қорда қандай кітаптар бар екенін білеміз. Екіншіден, кітаптарды сөрелерден іздегенннен гөрі электрондық нұсқадан тез тауып алуға мүмкіндік мол. Үшіншіден, қорда жоқ кітаптардың тізімі автоматы түрде белгілі болады екен.
Кітап – білім бұлағы болса, сол білімнің көзін ашар мұғалім мен кітапханашылар екені мәлім. Өздерінен инабаттылықты, шыдамдылықты және білімділікті талап ететін мамандық иесі — ол кітапханшылар, Сан түрлі мамдық бар, бірақ кітапханшы мамандығы өзінің өте қызықты да тартымдылығымен ерекшеленеді. Себебі күн сайын жаңалыққа толы сәттер, яғни жаңа келген газет, журналдар, жаңа кітаптар және күн сайын келіп кітап алып жатқан оқырмандар, оқытушылар, қызметкерлер легі толастамайды. Кітапханшылар туралы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Жазушы Ә.Кекілбаев айтқандай: «Кітапхана мәңгілік парасаттың киелі мекені, ал кітапханашылар ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары». Кеш соңында арнайы әдістемелік құралды мектеп кітапханашысы әзірлеп, кітапхана залында жас мамандарға арналған «Мектеп кітапханасы ісі жөніндегі әдістемелік құрал» кітапшасы жас мамандарға таныстырылып, көмек ретінде таратылды.
А. Аубакирова,
Кітапхана меңгерушісі