Home » Жаңалықтар » 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы  

2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы  

2019 жылдың 7 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» тақырыбы бойынша on-line режимде кеңес өткізілді.

Жиын «Қазақстандық білім және ғылымның жаһандық құндылықтары мен сапасы» атты білім және ғылым қызметкерлерінің республикалық форумы аясында ұйымдастырылған. Онлайн режимде өткен кеңеске облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мамандары, әдіскерлері, мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері және баспа өкілдері қатысты.

Кеңесте 2019-2020 оқу жылы бойынша келесідей мәселелер қарастырылды:

— мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы оқыту және тәрбиелеу үдерісі;

— мектепалды даярлық топтары мен сыныптарындағы үрдістер;

— 1-4, 5-9 және 10-сыныптарда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мәселелер;

— 2012 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және 2013 жылғы оқу бағдарламалары бойынша оқитын 11 сыныптарда ұйымдастыру ерекшеліктері.

Сонымен қатар, еліміздің білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері, орта білім берудің пилоттық ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асыру мәселелері талқыланды.

Кеңеске қатысушылар үшін шағын жинақты мектепте, мамандандырылған білім беру ұйымдарында, инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беру ұйымдарында, арнайы білім беру ұйымдарында оқыту процесін ұйымдастыру бойынша түсініктемелер берілді.

Талқылау үшін ұсынылған өзекті мәселелер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру мен оқытуда сандық білім беру ресурстарын пайдалану қарастырылды.

Кеңеске қатысушыларға 11-сыныпта оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК апробациялаудың жоспарланған міндеттері туралы айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша, жаңа оқу жылында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері; оқулықтармен және ОӘК қамтамасыз ету мәселелері, дарынды балалармен жұмыс жүргізу, арнайы, инклюзивті, мектепке дейінгі және қосымша білім беруді дамыту мәселелері түсіндіріледі.

Осылайша, Кеңес аясында жаңа оқу жылының ерекшеліктері ғана емес, сонымен қатар, білім басқармаларының/бөлімдерінің басшыларына, педагогтарға, әдіскерлерге арналған нақты міндеттер қойылды.

 

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.