«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай шығармаларын оқу эстафетасын кішкентай Ләйлімнен қабылдап, өзі де жалғастырғанын білесіздер. Бұл бастама қазір жалпыхалықтық сипат алды. Тағылымды эстафетаны әйгілі өнер тарланы Досхан Жолжақсыновтан қабылдап алған Президент Әкімшілігінің Басшысы Қырымбек Көшербаев Ұлы ақынның масылдық туралы ой-пікірлерінен үзінді оқып, қазақ ғылымының майталмандары, академиктер Төрегелді Шарманов пен Асқар Жұмаділдаевқа және мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваға жолдады», — деді Берік Уәли. Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.