Home » Жаңалықтар » «ЖасStars» болды ма? «ЖасStar» ма?

«ЖасStars» болды ма? «ЖасStar» ма?

…Бағыт «Ильинка». Спидометр 80 – одан асыруға болмайды, әйтпесе…  «2019 жастар жылы» там-тұмдап әр жерден атылған жанартаудай жалынды жастардың екпінді бастамалары мен айтуға тұрарлық іс-шаралары белең алып, жұртшылықты таң-тамашаға бөлеп, еріксіз бас шайқататын әрекеттері жетіп артылатыны баршамызға аян. Жылдың соңы болғандықтан ол үдеріс тіпті көбейіп, қай жаққа қонақ боларыңды білмей дал-дүл күй кешетін кездерде болады. Жасандылықтың көшірмесі емес. Жасампаздықтың жаңашыл келбетін көрсететін кім бар екен деп бас көтеріп, маңайға байыппен қарадық.  Жастар дегенде қылжақтаған, кейде керісінше күмілжіген өз ойын өзі жеткізе алмай тұратын бейнелерден сәлде болса сейіле бастадық. Оның дәлелі деп Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына қарасты №92 балабақшасы ұйымдастырған «Жастар кубогы – 2019» көңілді тапқырлар сайысында» тағы да көз жетті.  Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Ильинка тұрғын алабына қарасты №92 «Жауқазын» балабақшасының музыка залындамыз сағат 14:00. 2019 жылғы 25 желтоқсан. Мәре-сәре болып, амандық-саулық сұрасып болысымен орындарымызға жайғастық. «Жастар кубогы-2019» әзіл-сықақ додасының ұйымдастырушылары сайысты 5 кезеңге бөлген екен. Атап айтқанда: 1) Таныстыру (әзіл арқылы) — 5 минут, 2)Үй тапсырмасы «Егер жастар…» — 7 минут, 3) Дауыспен әрлеу (Сайысқа әр команда фильм немесе мультфильмнен үзіндіні дауыспен әрлеп көрсетеді) — 3 минут, 4) Не? Қайда? Қашан? (Тәуелсіз Қазақстан тарихы бойынша тапсырма) — 5 минут, 5) Өз өнері (ән, би, актерлік шеберлік) – 5 минут. Жалпы есеппен алғанда әр командаға жиырма бес минуттан тиесілі.
Жайғасып отырғаным сол еді.  Жаулығын орай жауып, мойыны майыса қисайған кәдімгі әже. героскутер мініп алып, залға кіріп келді. Біз жастар сайысы дегенге жастарды күтіп отыған едік. Таң-тамаша болдық та қалдық. Таң қалғаным сонша суретке «чырт» еткізуді де ұмытыппын. Сосын түсіндім бұл кісілер осы сайыстың жүргізушілері Илипбаева Гульнар Бейсембаевна, Калиякасова Гүлзат Аманбаевна. Бірақ кәдімгі әжелер болып қалған.
Іс-шараны ұйымдастыруға бастама болған балабақша меңгерушісін сөзге тартып, мақсатын білуге тырыстым:  –  Елбасы өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған бағдарламалар әзірлеп, ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыруды нықтап тапсырған болатын. «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек», — деген еді. Біз өз кезегімізде білім саласында жұмыс атқарып жүрген ұйымшыл, өнерлі, креативті және ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары жас мамандарды қолдау негізінде осы шараны Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына қарасты «Білім беруді жаңғырту» орталығымен кеңесе келіп жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырып отырмыз — деді №92 балабақша меңгерушісі Смакова Айжан Мейрамғазықызы ағынан жарылып.
Кез-келген бастаманы шынайы ниетпен қолдап, (басшының тапсырмасы ретінде емес) бастаманы жүйе-жігіне келтіріп, жұп-жұмыр іс ете алатын балабақша әдіскері болады. Альфия Қайратқызын сол әдіскерлер қатарына қосып, осы істің соңынан нендей нәтиже күткенін білгім келді.
– Балабақшалар мен мектептерде қызмет атқарып жүрген жас мамандарды қолдап, ұйымшылдығын арттырып, өзара сыйластықтарын жандандыру, әрқашан байланыста болу, қоғамдық жұмысқа жұмылдыру. Сондықтан біз өз балабақшамыздан тәрбиешілер Жукутова Азиза Аскаровнаны, Нығметова Назира Серікқызын, Абдкереева Гүлжанат Арқабаевнаны сондай-ақ дене шынықтыру нұсқаушылары Әшім Архат Әшімұлын, Баубеков Жанболат Серікұлын осы өзіміз ұйымдастырып отырған сайысқа қатыстырып отырмыз — дейді №92 балабақшасының әдіскері Альфия Қайратқызы. Әр-түрлі шеберлікпен өздерінің өнерін мың құбылтқан сайысшыларды сөзге тартпасқа болмады.
Асилбаев Елжан Еділбайұлы – Біз осы сайысқа 76 мектеп-лицейінен келдік. Менімен бірге әріптестерім Зиябек Сапарғали Серікбайұлы, Келдібай Айнұр Торыбайқызы, Орман Ғазали қатысты. Биылғы Жастар жылына орай білім мекемелері арасында ұйымдастырылуы жоғарғы деңгейде өткен «Жастар кубогі-2019» көңілді тапқырлар сайысы жастардың көңілінен шықты. Білім саласындағы жұмыс атқарып жүрген, ұйымшыл, өнерлі, креативті және ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары жастар атынан  ұйымдастырушыларға сондай-ақ білім беру жаңғырту орталығына алғысымызды білдіреміз.
Мукушева Гүлнұра Оразбекқызы – Біз №69 мектеп-гимназиясынан: Жұмашбеков Мирас, Тлеумаганбетова Баян, Саркина Мирагүл, Иванова Анастасия қатыстық. Әр мемлекеттік мекеме сайысқа керемет, аса үлкен жауапкершілікпен келген екен. Қай-қайысысын алсақ та, дайындықтары жоғары деңгейде болғанын өзіңізде көрдіңіз деп ойлаймын. Болашақта жастар арасында осындай сайыстар ұйымдастырылып, жастардың өмірге деген құлшыныстарын арттырып, мемлекет болашағы жастардың қолында екенін ескеріп, әр-түрлі тақырыпта дөңгелек үстел, конференция, пікірталас секілді іс-шаралар өткізіліп тұрса дейміз. Олар бір қалыпта емес аудандық, қалалық, республикалық деңгейде өтсе деген ұсынысым да бар. Елбасы айтқандай «Жастар болашағы ұстаздардың қолында, ал болашақ жастардың қолында» сондықтан жастарымыз болашақтың жарқын дамуының кепілі.
Көрші ақысы қиын.  № 62 «Нұрсәуле» балабақшасынан меңгерушісі Жусупбекова Гулжан Каримжановна бастап, әдіскері Каирбекова Гауxар Тулегеновна қоштап сайысқа Курмашева Марчонай Пардабойевнаны, Тусебаева Амандықты, Талғат Алтынбекті, Макишева Райгуль Бекзанқызын, Бейбітxан Қарлығашты баптап, достық сайысқа сайлап әкелгенге ұқсайды. Өздеріне өте сенімді. Олай дейтінім бет-әлпеттері түрлі-түсті, киімдері келісті балабақшада жұмыс жасайтын емес, құды бір өнер адамдары дерсің ол кісілерді.
Сонымен №62 «Нұрсәуле» балабақшасынан «ЖасStars» командасы, №69 мектеп-гимназиясынан «ЖасStar» командасы, № 76 мектеп «76-толқын», №92 «Жауқазын» балабақшасынан «Жауқазын official» командалары болып «Жастар кубогы 2019» атты достық әзілді сайысында  «Білім жаңғырту орталығының» әдіскері Мусатова Айжан Бағытжанқызы бастаған әділ қазылар төрелік жасап:
— команда құрамында міндетті түрде жас мамандар болуын қадағалай отырып;
— сахна мәдениеті;
— жас мамандардың креативтілігі;
— киім үлгілерінің біркелкі болуы;
— актерлік шеберлігі;
— ұйымшылдығын бағалады.
«ЖасStars», «76-толқын», «ЖасStar», «Жауқазын official» достық сайысы өз мәресіне жетті. Өз үйінде қалған кубок келесі жылы ауыспалы болады деген сенімдемін.

Қуантай АМАНТАЙ
«BILIM AINASY»
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.