Home » Жаңалықтар » Кәсіби қызметте жетістіктерге ие болған педагогтардың мәртебесін арттыру және оларды ынталандыру үшін өткізілген имидждік шаралар

Кәсіби қызметте жетістіктерге ие болған педагогтардың мәртебесін арттыру және оларды ынталандыру үшін өткізілген имидждік шаралар

2019 жылдың 27 желтоқсанында ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК-да  (бұдан  әрі – Кәсіпорын) «Кәсіпорынның үздік қызметкері» конкурсының қорытындысы шығарылды. Конкурс Кәсіпорын  педагогикалық қызметкерлерінің  кәсіби шеберліктерін ұштауға және  мен  беделдерін арттыруға  бағытталды.
Конкурс үш кезеңде өткізілді: алдын ала іріктеу, онлайн-режимде дауыс беру, өзін-өзі таныстыру.
Қазылар алқасы конкурсқа қатысушыларды  креативтілік,   бірегейлік, шығармашылық, өзін-өзі таныстыра білу  критерийлері бойынша бағалады.
Конкурс  қорытындысы  бойынша  келесі аталымдар анықталды:

  • Т.Г. Забажанова – «Табысты қызметкер»;
  • А.О.Толеген – «Ізгілікті қызметкер»;
  • М.Ю.Полищукова – «Толерантты қызметкер»;
  • Н.С. Жуманова – «Бастамашыл қызметкер»;

Кәсіпорынның инновациялық-тәжірибелік жұмыс бөлімінің бастығы С.М.Муралимова «Кәсіпорынның үздік қызметкері» конкурсының  жеңімпазы болып танылды.

Конакова Бахытгуль Каиргельдиновна
Қазақстан Республикасы Президенті
Іс Басқармасыны Медициналық орталығының
«Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК,
ИТЖБ әдіскер — сүйемелдеуші

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.