Home » Балабақша » Атақ –даңқ шәкірт санымен емес, жақсы атағымен шығады

Атақ –даңқ шәкірт санымен емес, жақсы атағымен шығады

Сөзімді бүгінгі қазақ өнерінде өзінің шынайы әрі  өткір әзілдерімен орын алған Тұрсынбек Қабатовтың «Кім кінәлі?» атты әзіліндегі аз ғана үзіндіден бастағым келеді. Қазіргі ата-аналар балаларының әр кезеңіне жауапты. Соның ішіне кіретіні өмірге келген сәбиін «өте қатты» аялап өсіріп, балабақшаға берер алдында  таңдауды бастайды. . Балабақшаларды аралап көріп, таныстарының пікірін  біледі. Кім көп мақтаған білім ордасын жағалап қалайда баласын кіргізу жолын іздейді….
Міне, дәл осы әзілдің шындығы біз сауал жүргізген балабақшалар арасында көш бастап тұрған, көптің көңілін өзіне аударып, балалы жұрттың арманына айналған талай жылғы тарихы бар қалыптасқан ұжымы, басқалардан ілгері ісі бар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №7 «Аққу» балабақшасы.
21 қараша күні тақырыбымыз айтып тұрғандай санға емес сапаға жұмыс жасайтын еңбегімен ел таныған, өмірін адалдықпен байланыстыра, қызметіне бар күш жігерін арнауды  басты міндетім деп білетін ұжыммен танысудың сәті түсті.
Білім ордасын «Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу — балабақшадан басталады» деген ұстанымда жұмыс жасайтын ұлағатты ұстаздық өмір жолында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар жоғары санатты білімді де білгір маман «Білім беру ісінің үздігі» төс белгісінің иегері Айман Дахарқызы Жұматаева басқарып келеді. 
Оқу және тәрбие жұмысын дамытуда педагогтардың креативті потенциялын дамыту, мотивация беру, серіктес балабақшалармен тәжірибе бөлісуді мақсат екен қалалық кластер бағытындағы семинар –практикум «Болашақ балабақша» тақырыбында өтті. Өткен жылы денсаулық бағытында  салауатты өмір салтын насихаттауда жетекші ретінде серіктес 7 балабақшаға жол көрсете білген Айман Дахарқызының биылғы жылы  «кретивті педагог» болудың қыр сырын ашу бағытындағы семинарына жетекші  №48 «Ақкөгершін», №84 Кәусар», №75 «Балалық шақ» балабақшаларының меңгерушілері Ұлжан Әбенқызы, Динара Артықбаева, Айман Нұрсейітқызы, серіктес 9 мемлекеттік 3 жеке меншік балабақшалардың меңгеруші, әдіскерлері және тәрбиешілер қатысты.
Семинарды балабақша меңгерушісі Айман Дахарқызы өзі жүргізді. Психолог  Тұрсынбекова Ақтолқын Габидоллақызы «Ассоциация» ұйымдастыру жаттығуымен тәрбиешілерге түрлі сұрақтармен өз мамандығына деген сүйіспеншілікті білдіруге мүмкіндік берді.
Бүгінгі күні қаладағы балабақшаларда ғылыми  кеңешсі болып жүрген педагогика ғылымдарының кандидаты Ақжарқын Бәделқызын арнайы шақырып №48 «Ақкөгершін» балабақшасы ұйымдастырған семинарда арқау болған «Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кретивтілігін жетілдіру жолдары» тақырыбындағы баяндамасын жалғастырды.
Баяндамада мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты ерекше ой қызметін, мол шығармашылықты талап етсе бүгінгі күннің жаңашыл ұстазы қандай болуы керектігі жайында айтты. Адам санасы жетілмей қоғам дамуы мүмкін емес. Осы негізде ғалымдар зерттеуі бойынша адам өмірі мен сапасын физикалық (материалдық жағдай, денсаулық), интеллектуалдық өлшем( білімі), эмоцияық өлшем (жан дүниесі, көңіл-күйі, қарым-қатынасы), рухани өлшем ( өзін-өзі жетілдіру) сатыларына бөлген.
Осы өлшемдерге қарай педагогтардың креативті ойлауын дамытып, шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуде Кейс стади әдісі, «Ми шабуылы», Рөлдік ойын, шағын дәрістер дөңгелек отырудың тиімділігі жайында қажетті мәліметтермен бөлісті.
Шын мәнінде бір бірімен білгенін бөлісе алатын, ойын жеткізе білетін, үнемі ізденістегі педагогтардың қатары артса  сапалы білім мен саналы тәрбие берудің жаңаша жетілдірілген әдіс –тәсілдері артып жаңалыққа жол ашылар еді.
«Түрлі-түсті кәмпит» шағын топтарға бөлу жаттығуында  әр түрлі кәмпит алған тәрбиешілер 3 топқа бөлініп,ата-аналармен сұқбатты тыңдай отырып «Болашақ балабақша» тақырыбында қиялдарына ерік берді. Алғашқы топ балабақшаны тамыры тереңге жайған бәйтерекке балап, балабақша жүрегі тәрбиешілердің қандай болуы керекті жайында өз ойын білдірді.
Жүректерді тоғыстырған ата-анамен бала арасындағы жылуға дәнекер болған жылы ұя балабақша тек жылуға толы болуы керектігін екінші топ көрсетті. Үшінші топ қазақтың ұлттық киіз үйі бейнесінде салынған балабақшада тек ұлттық құндылықтар дәріптеліп қазақы салт-дәстүрді жадына жаттап өткен ұрпақ көрсек дегенді жеткізді. Келген қонақтар арасында бүгінгі түйіні шешілмеген мәселелері көтеріліп,  бала тәрбиесіндегі кемшіліктер мен артықшылықтар жайлы сөз болды. Пікір алмасу алаңына айналған балабақша залында ойға қонымды дүниелер айтылды.
Балабақшаның инновация  әдіскері Мусекина Тыныскүл Сапаргалиевна шағын топтармен қалай жұмыс жасауды түсіндірсе, . Воскобович ойындарын топ басшысы Шайхина Жақсылық Умиртаевна, интеллектум жайында Бершімбаева Нұрзина Бейбітқызы, монтессори технологиясын Мукажанова Гульмира Кеңесовна көрсетіп балалардың дамуында қандай көмегі болғаны жайлы жеткізді. Залға арнайы көрмелер ұйымдастырылған.
Келген тәрбиешілерің барлығы да өздеріне қажетті мәліметтермен қанығып, тың дүниелерді үйренді. Семинар соңында қолдарына жарқыраған шырақтарды алып тұрып  жылы лебіздері білдірді.
Қонақтар білім ордасын аралады.
Баланың шығармашылығы, ойы, зердесі,  денсаулығы дамуы үшін жұмыс жасайтын  Робототехника, Хореография ,Вокал, Каратэ үйірмесі, Ағылшын тілі, Логопе,Бассейн, Домбыра үйірмесі, Массаж, Тұзды шахта, Шахмат, Футбол, Театр үйірмелері жұмыс жасайтын балабақша  заман талабына сай. Ұрпақ тәрбиелеу жолында жауапкершілікпен еңбек етіп келе жатқан ұжымда бүгінгі күні  31 педагог жұмыс жасауда. Олардың ішінде 28 жоғары, 3 арнайы орта білімді мамандар, жоғары санатты 8 педагог, бірінші санатты 6  педагог, екінші санатта  11 педагог. Оқу-тәрбие жұмысын  жоғары санатты әдіскер Майра Төлегенқызы Смағұлова да жемісті қызмет етуде. Тәрбиешілер Үміт Сәбитқызы Рыспаева, , Асхар Рина, Гүлжан Кайргелдиновна Хусаинова, Гаухар Космановна Сагинтаева, Ақберен Парахатовна Кубжанова сияқты өз ісінің мамандары үлестерін қосуда.
Балабақша меңгерушілері арасына өзіне деген сенімділігімен, әр ісіне деген жауапкершілігі анық көрінетін тәрбиешілерге жол көрсетер ұстаз, тірек болып келе жатқан Айман Дахарқызының педагогикалық ұжымына шығармашылық табыс тілеймін.  Осы биіктен түпей педагогикалық шеберлік пен өнері ұштасқан, даналықты жүректен ұға білер ұстаздық жолда үнемі төрден көріне беріңіздер дегіміз келеді.

 

 

Әлия Ғалымбекқызы,
Білім айнасы.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.