«Біз түрғызатын қоғам барды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді
әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек»
Нұрсұлтан Назарбаев.
XXІ-ғасырдың табалдырығын аттаған еліміздің әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет бұруда. Сондықтан еліміздің туын бикке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет.
Қазіргі кезде өскелең ұрпаққа тәрбие беруде алға қойған негізгі мақсаттардың бірі- қоғамға, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Өскелең ұрпақтың бойына кішіпейілділік, сыпайылық, мейірімділік, жанашырлық, тілектестік сыйластық сияқты, қасиеттерді дарыту, өзін де өзгелерді де қаділеп, сыйлауға кешірімді болуға, адамдарға қолдан келгенше көмек көрсетуге үйрету Өзін-өзі тану пәнінің негізгі міндеттерінің бірі. Рухани адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз оқушы өміріндегі орын; жауапкершілігін түсініп, өзін –өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез-келген затқа, жан-жануарға және экологияға жақсылық тілеп қайырымдылық жасауға тәрбиелеу болып табылады.
Өзін-өзі тану пәні сабақтарының ерекшелігі оқушылардың үнемі қарым-қатынаста болатындығы оқушылар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез-келген іс-әрекетке қарсы ойын немесе пікірін бөлісе алады.
Өзін-өзі бұл тек өзі туралы біліп қана қою емес, қоғамдағы – қатынастар жүйесіндегі адамдар арасында өз орынын таба білу. Өзін тұлға ретінде сезіну. Өзін және қоршаған ортаны тану арқылы оқушының жан дүниесін байытып, рухани адамгершілік білімді халықтық дәстүр арқылы жеткізу.
Оқушыларды қанаттандырып шығармашылыққа жетілдіруде өзін-өзі тану пәнінің ықпалы зор өйткені бала осы пән арқылы өз қаблеті мен мүмкіншілігін сынап баға бере алады. Алдына мақсат қойып сол мақсатқа жету жолында енбектенеді.
Балалардың барлығы қаблетті тек соның көзін аша білу қажет. Ол үшін ұстаз
Оқушы үшін сенімді серік, дос бола білуі керек. Талабы бар балаға бағыт-бағдар беріп, өз жетістігін көрсетуге мүмкіндік беруіміз қажет.
Осы орайда Арыс қаласы Білім бөліміне қарасты Молдабаев мектебінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылардың Республикалық олимпиядасының қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаты Оқушыларға құндылық бағдарларды қалыптастыру, олардың шығармашылық Әлеуетін дамыту шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын мадақтау, жас өспірімдерге адамгершілік білім беру болып табылады. Арыс қаласына қарасты Байтоғай елді мекеніндегі №5 М.Маметова мектебінің 8 сынып оқушылары Мыңбай Шәмші, Рысбекова Зияш, Ділдәбек Ұлдамет олимпиадаға «Мейірім» тобын құрып, «Қызмет ету қуанышым» тақырыбында оз жобаларын алып барды. Нәтижесінде Ұлдамет өзінің ауыл бала бақшасы «Ақ көгершін» Шырынбаева Қаламқас апайдың бір күндік іс-тәжірбиесімен бөлікені сонымен қатар рухани азық алғанын баяндады. Топтың екінші мүшесі Рысбекова Зияш ауыл емханасы фелшері Кареней Жандос мырзаның бір күндік іс-тәжірбиесімен бөліскенін күнделікті өмірде адамдардың денсаулығына көмектесе алғанын атап айтып, бейне ролик арқылы қорғап шықты. Тобымыздың үшінші мүшесі Мыңбай Шәмші мектеп директоры Алтынбек Айтбек мырзаның бір күндік іс-тәжербиесімен бөлісіп асқан сүйіспеншілікке бөленіп, ұстаздарға деген құрметінің арта түскенін айтты. Екінші жобасында ауылдағы ОМЕГА ауыз суында болып, бір күндік жұмысын жасап көргені және сонымен қатар Байтоғай ауыл тұрғындарының ауыз суын осы жерден алатынын және қоғамға қалай қызмет жасауды түсіндім, мен бұл жобада сүйіспеншілік, сабырлық, алғыр, ізденімпаздық қасиеттерін бойыма сіңірдім. Өзін-өзі тану пәнінен жалпы адамзаттық құндылықтарды яғни сол бес құндылықты (Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау) бойымызға сіңіріп өсіп келеміз.
Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет жасаған кезде, адамның ішкі жан жүниесінде ішкі тыныштық орын алады ішкі жан дүниесі тыныш адамдар ешкімге оймен, сөзбен қиянат жасамайды деп сөздерін қортындылады. Жиырма екі мектептен келген дарынды ізденімпаз оқушылардың ішінен үшінші орынды алып, мерейлері үстем болып қайтты. Келешекте өз шығармашылықтарын дамытып, үздік бірінші орынды алып облыстық кезеңге өтеміз деген сеніммен қайтты.
Усманова Дина Мукановна
Түркістан облысы
Арыс қаласы
«№5 М.Маметова атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі