Менің алғаш мұражайға барғандағы әсерім өте көп, соның ішінде алғашқы Ел басы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамздың жұмыс кабинеті. Бөлме жарық – өзгеше бір көріністе. Елбасының еңбектері, естеліктері көптеген елдердің табыстаған сыйлықтары мен елбасының жұмыс орны сол қалпы сақталған.
Еліміздің жетістіктері, спорттық ойындардан кубоктар, алтын түстес велосипедттер, мотоцикль тағы да көптеген қымат сыйлықтары сақталған.
Түскі ас ішетін бөлмедегі ыдыстарда күн мен қыран құстың бейнесі бейнеленген. Елбасының отырған орындығы, қолданған телефоны бәрі дерлік сол қалпында сақталған.
Күмбезді бөлмеде дөңгеленген үлкен үстел ел тағдырын шешетін көптеген заң, жарғылар қабылданған орын. Дәл осы жерде 1997 жылы 10 желтоқсан күні жаңа Астана дүниеге келгені хабарланған.
Нұр-Сұлтан қаласы
Білім басқармасы
№ 33 «Балабақша – бастауыш мектеп кешені»
1 «Б» сынып оқушысы Нурилла Аяулым Жұмағалиқызы