Home » Мақалалар » Көкжөтелдің қауіпі

Көкжөтелдің қауіпі

Көкжөтел — азапты жөтелдің туындауымен және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануымен сипатталатын өткір жұқпалы ауру. Көкжөтелдің бактериясы Bordetella pertussis ағзаға ауа тамшысы арқылы еніп, кеңірдек пен бронхтар аймағында көбейеді. Патогендік микроорганизмдермен бөлінетін токсин, ағзада ұстамалы булықпа  жөтел мен қабыну реакциясын тудырады. Ауру  ілгерілеген сайын  мидың  тыныс орталығына ықпал етіп, нәтижесінде  күлу, ауырсыну, сөйлесу кезінде  жөтел ұлғая түседі.

Көкжөтел мектеп жасына дейінгі балалар арасында жиі тіркеледі,  алайда ересек пациенттер арасында да жұқтыру аурулары туындауы мүмкін. Науқас патологияның алғашқы симптомдары пайда болғаннан бастап, 25-30 күн ішінде  басқаларды да жұқтырып жүре береді. Екпеден соң жұқтырылған Bordetella pertussis науқастарда өткір ауру белгілері  байқалмайды.

Көкжөтелдің белгілері: Жұқпаның инкубациялық кезеңі бірнеше күннен екі аптаға дейін созылуы мүмкін. Аурудың  бірінші кезеңі құрғақ жөтелмен, мұрынның қабынуымен және дене температурасының аздап көтерілуімен сипатталады. Бірнеше күннен соң пациентте ұстамалы азапты жөтел пайда болып, толық айықпайынша жүре береді.

Басқа  да  симптомдары мен белгілері:
— Тыныс алу кезінде  ысқырықты дыбыстың шығуы
— Кеудедегі жағымсыз сезім
— Тамақтың тітіркенуі
— Жөтел кезінде ауа жетіспеушілік сезімі
— Түн мезгіліне қарай  жөтелдің ұлғаюы- Әлсіздік пен шаршау
— Мазасыздық
— Тәбеттің төмендеуі
—    Қысқа уақытқа демінің ұсталынып тұруы  (кішкентай балаларда)

​​ Ауруды емдеумен инфекционист дәрігерлері мен пульманологтар айналысады. Көкжөтел жалпы қалпына келтіру және дәрілік терапия қолдану арқылы емделеді. Егу маңызды,  егуді  ұлттық егу күнтізбегіне сай қайталап алу керек.

Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы
Қожаханов Серік Мухамеджанұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.