Алматы қаласы, Медеу ауданды, «№112 бөбекжай-балабақшасы»КМҚК-да мектепалды «Жұлдызша» тобының қатысуымен «Қазақ салт-дәстүрін жаңа буынға дәріптеу» «Тұсау кесу» тақырыбында іс-шара өтті.
Аталмыш балабақшада жас ерекшеліктеріне сай қазақ және орыс тілді
6 топ бар. 12 педагог жұмыс жасайды. Олардың 4 педагог-модератор,1 бірінші сатты,
1 жоғары санатты және 1 магистр бар. Балабақшада музыка залы, дене шынықтыру залы, психолог бөлмесі, қазақ тілі бөлмесі, асхана және топтар орналасқан. Қосымша каратэ, ағылшын, би үйірмелері жұмыс жасайды.
Іс-шара барысында алғы сөз балабақша меңгерушісі Жуматаева Жанар Кенесбековнаға берілді.
-Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуы екенің атап өтті.
-Балабақшадағы сәбилерге жоғары деңгейдегі ұлттық сана сезімді, рухани мұраларға және ұлттық мәдениетке деген құндылықтарды қалыптастырып, рухани мұраға және ұлттық мәдениетке құндылық қатынастарын қалыптастыру отансүйгіштік, ұлттық намыс сезімдерін қалыптастырады.
Балабақшадағы ұлттық тәрбие берудің мақсаты: Ұлтжандыққа отансүйгіштікке тарихын мәдениетін салт-дәстүрін терең меңгеруге ана тілін қадірлеуге үйрету. Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің міндеті ата бабамыз қолданған үрдіс пен бүгінгі жаймен саралап, халықтық педагогиканының асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруді қилыстыру.
Меңгеруші балабақшадағы ұлттық тәрбиені өзектілігіне де тоқтала кетті.
-Тәрбиеленуші сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт –дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады. Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт дәстүрін, ана тілін қастерлеу үлкенге–құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп, тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу. Қайырымдылықты–халықтан, пайымдылықты- қариядан үйрен деген ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі екі аралықтағы өмірінің мәні боларлық адами қасиеттермен әдет ғұрыпты оқу ісәректін ұйымдастыруда үйреніп, алдағы өмірлерінде арқау болатынын ұғындыру. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну-деп сөзін аяқтады.
Ары қарай қалалық және аудандық конкурстарға белсене қатысушы,жүлделі орындар иегері, шығармашыл, балабақшаның бетке ұстар тәрбиешілерінің бірі Муханова Гулсынай Муратовна мектепалды «Жұлдызша» тобымен іс-шараны бастап кетті.
Жалпы іс-шараның мақсаты: Қазақтың салт — дәстүрімен таныстыру. Сонымен қатар ұлттық тәрбие жүйесін дамыту үшін педагогикалық ұйымдастырушыны қажетті ғылыми әдістемелік ,ақпараттық-әдістемелікпен қамтамасыз ету, оның ішінде білім беру мекемелеріндегі өскелең ұрпаққа ұлтжандыққа тәрбие беруге қолайлы орта жасау. Ашық ақпараттанған, әлеуметтік жағынан мығым, білімді ортаны дайындау арқылы балалардың танымдық және шығармашылық әрекетке жеке тұлға ретінде өзін өзі дамыту өзін өзі танытуын ұйымдастырдың кешенді шараларын жасауды қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі мекемелердегі ұлттық тәрбие жұмысында тиімді педагогикалық ынтымақтастық жүйесін дамытуды қалыптастыру. Ұлттық тәрбиеде патриоттық және адамгершілік тұрғыдан түсіндіру.
Міндеттері: Отбасы мүшелерін атау. Балалардың сөздік қорын, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту. Өз ойларын толық айтып жеткізуге жаттықтыру. Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу-деп атап өтті іс-шара ұйымдастырушысы әдіскер Гүлдана Серікқызы.
Шара барысында тәрбиеші жалпы қазақ салт-дәстүрлері жайында айтып өтті. Оның ішінде «Тұсау кесу» салтына тоқталып, іс-шара барысында тереңдетіліп өтілетіндігін айтып кетті. Сонымен қатар Гулсынай Муратовна «Тұсау кесу» салтын Әжемізге қонаққа барып, сұрап білуге ұсыныс жасады. Балалар қуана келісіп, барлығы Әженің үйіне жол тартты. Кіре салысымен балалар Әжемен амандасып, дастархан басына отырды. Тәрбиеленушілер Әженің салт-дәстүріміз жайында өте қызықты әңгімелерін тындап, әр салтымыздың тәрбиелік мағынасының терендігін түсінді. Сонымен қатар балалар Әже немересінің «Тұсау кесу» салтында қонақ болып қайтты.
-Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап оны аяғын беделді ауылдың үлкендеріне қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата – анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды- деп әже кішкентай қонақтарға жалпы түсінік беріп өтті.
Іс-шара барысында Мансур есімді тәрбиеленуші тұсауы жаңа кесілген кішкентайға батасын беріп көрермендерді тәнті етті.
Шара сонында ұл балалар арасында «Тақия тастамақ» ойыны ойнатылып, ал мың бұралған биші қыздарымыз қазақша биімен өнерлерін көрсетті.
Осы орайда тәрбиеленушілеріміз Әжеге үлкен алғыстарын білдіріп, қош айтысты.
Іс-шараның өтуіне ат-салысқан қазақ тілі оқытушысы Гульмира Ибадуллаевнаға және музыкамен әрлеген Жазира Жанузаковнаға меңгеруші мен тәрбиешілер өз алғысын білдірді.
Бүгінгі іс-шараны педагогика ғылымының докторы Алтынай Жайтапованың сөзімен аяқтағым келеді-деді әдіскер Гүлдана Серікқызы: – Ата-бабамыз мұраға қалдырып кеткен рухани дүниетанымымызды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі мекемеге, мектептерге ұлттық инновацияны енгізуге барынша күш салуымыз керек. Инновация дегеніміздің өзі – жаһандану заманында ғылымның, жаңалықтың өндіріске енгізілуі ғой. Ең басты айтарым, қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге деген құрмет жатыр емес пе? Міне, біздің жастарда дәл осы қасиет жетпей жатыр. Қорытындылай келе,ұлағатты ұрпақ өсіруде осы ұлттық инновациялық әдіс-тәсілдер таптырмайтын құрал бола алатындығына ешкім дау айтпаса керек-деп сөзін аяқтады.
Абдраханова Гүлдана Серікқызы
Қазіргі таңдағы жас өспірімді тәрбиелеудегі өте өзекті тақырыптардың бірі деп ойлаймын. Өте жақсы жазылған, керемет!