Home » Жаңалықтар » Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу және  жаңғырту

Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу және  жаңғырту

Наурыздың 19 күні Алматы қаласы Алатау ауданы №95 бөбекжай балабақшасында «Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу және  жаңғырту» тақырыбында отбасылық аудандық семинар өтті.
Семинарды өткізудегі басты мақсат — ұлттық құндылықты дәріптеп, мәдени бірегейлікті жаңғырту. Балабақшада тәрбиеленушілерге ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау арқылы қоғамның мәдени деңгейін, талғамын және  рухын көтеру. Іс-шара шымылдығы аталған балабақша меңгерушісі Анар Әбдіғалиқызының алғы сөзімен ашылды.

– Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске сала отырып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту жолында балаларды халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлер құндылықтарымен терең таныстырып, оның тарихын баяндай отырып, жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең, мәдениетті тұлға қалыптастыру мақсатында ұйымдастырған отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер! — деді балабақша меңгерушісі Анар Әбдіғалиқызы.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды, ата-аналар мен балалар төрт топқа бөлініп өнер көрсетті.
Бірінші «Таныстыру» кезеңінде — қатысушылар өздерін толық таныстырды.

Екінші кезең — “Үй жұмысы”. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, әр топ өз қолымен жасаған жұмыстарын көрермен назарына ұсынды. Бірі кестелеп сырмақ тігіп, алаша тоқудың  жасалу тарихын түсіндірсе, басқа қатысушылар қамшы өрудің сырын ашты. Келесі отбасы бесікке салу дәстүрін көрсетті. Қатысушылардың өнерлері бірінен-бірі асып түсті.
«Сұрақ-жауап»деп аталатын үшінші кезеңде қатысушылардың білімдерін тексеру мақсатында салт-дәстүрімізге байланысты бірнеше сұрақтар қойылды. Мүдірмей жауап берген қатысушылар әділқазылар алқасы тарапынан жоғарғы бағаланды. Соңғы кезеңде әр отбасы өнерлерін ортаға салды. Бәрінен де әке мен қыздың  шыр айнала билеген биі әсерлі болды.  Бір сағатқа созылған сайыста көрермендер музыка жетекшісі Мырзакметова Мөлдір Жандарбекқызының сүйемелдеуімен мектепалды даярлық тобының орындауында «Асық» биі мен балалардың «Айтыс» өнерін тамашалады. Сонымен қатар, тәрбиешілерден құралған  «Домбыра» хоры, «Қасық» оркестірінің  өнерлері көрермен көңіліннен шықты.  Әділқазылардың бағалауы бойынша «Керей» отбасы «Шебер апа» номинациясымен марапатталды, «Молдабековтер» отбасына «Өнерлі жанұя» номинациясы бұйырды, «Сауранбай» отбасы «Ынтымақты жанұя» номинациясын жеңсе, «Сахвадиндер» отбасы «Үлгілі жанұя» номинациясын қанжығалады. Жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған «Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу және  жаңғырту» отбасылық сайысы көрермендер көңілінен шықты.

“Bilim Ainasy”
Жулдыз Елеукен
Алматы қаласы

4 комментария

  1. Ақмарал

    Бала бақшаның тәрбиешілері өте мейірімді әсіресе Гүлмира апай Алма апай Нази няня апайларымыз керемет апайлар. Үйретуден еш ерінбейтін балаға мейіріммен қарап көңілдерін таба білетін ұстаздар Балам мектеп қабырғасында жүрсе де ұлым сағынышпен еске алып отырады үнемі

  2. lako_08_1984@mail.ru

  3. Бұл балабақшаға 2 қызым барады, улкен топ тәрбиешілеріміз Калима апай, Лаура апай, Толкын нянямызға, кіші топтағы Айтжамал апай, Алма апай, Гулнәз нянямыз өте керемет, мейірімді, өз істеріне жауапты, білікті мамандар! Осындай мейрамда ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, семинарға қатысып, өз өнерлерің паш етіп жатыр! Осындай іс шараларды ұйымдастырып отырған балабақша меңгерушісі Анар Әбдіғалиқызына рахмет, бул улкен еңбек және ол бағалануы тиіс!

  4. 95 бөбекжай ұжымына алғысымыз шексіз. Айжұлдыз тобындағы Жанар апай мен Айман апайымызға мың алғыс балабақшадағы кез келген іс шара жоғары деңгейде өтеді. Тамшы тобындағы Алма апайымыз балаға мейірімді , баламен сөйлеу мәдениеті өзгеше. Бөбекжайдың басшысы ауысқалы барлығы жақсы жағына өзгеріп жатқан жайы бар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.