Home » Мақалалар » Жастар тәрбиесі – ел болашағы

Жастар тәрбиесі – ел болашағы

Омарова Калампыр Байтурсыновна
Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицей
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жастар тәрбиесі – ел болашағы
Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.
А. С. Макаренко

Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай, қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазіргі қоғам — үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр. Қоғам талабы – заман талабы, өйткені: «Әр адам – өз заманының баласы», «Туа жаман жоқ, жүре жаман бар», «Заман түзелсе, жаман түзеледі» деп халық педагогикасы тәрбиенің заманға, қоғамға, оның материалдық, рухани байлығына тәуелді екенін дөп басып жеткізген. Халық даналығында: «Баланы әуелі мейір шапағатқа, онан соң ақыл парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы» — дейді. Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына  сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.  Тәрбиенің негізгісі – ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген–ұлттық педагогика. Небір ғасырлар шектеулі шеңбер аясынан шырмауықтай  шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиенің жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып өскелең жас ұрпаққа толыққанды тайға таңба басқандай жеткізсек, таптырмас тағлым болары сөзсіз. Тәрбиенің негізгі  мақсаты – дені сау,  ұлттық сана-сезімі ояу,  рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. ХХІ ғасыр – ақпараттар мен ғаламдасу ғасыры десек, заман талабына сай жастарымызды тәрбиелеп, Отанына деген шынайы сүйіспеншілігін ояту-қоғамның бүгінгі ең өзекті мәселесі. Жастар – елдің болашағы, тірегі. Жас ұрпақты ұлттық мақтаныш пен ұлттық патриотизм рухына қалай тәрбиелесек,  еліміздің халқымыздың болашағы, даналығы да солай айқын көрінеді. Бүгінгі таңда оқушыларға әлемдік деңгейде өркениетті негізде білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды олардың бойына сіңіру – ұстаз алдындағы үлкен міндет. Адамзат тарихында құндылықтар қалыптасуының негізгі ерте заманнан-ақ ойшылдар мен ғұламалардың  назарында болды.  Олардың тәрбиелік негіздері атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа, ізгі қасиеттер мен сезім ниеттерден тұрады.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
— белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
— индивиттік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамыту, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
— өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды үйрену;
— шыдамдылық: әр түрлі пікірлкрді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу,  қабылдау.  Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: оқушылдардың сана-сезімін қалыптастыру.
Оқушылардың  бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдарға мыналарды жатқызуға болады:
— сыныптағы тәрбие сағаттары;
— баспасөз және қабырға газеттері;
— бұқаралық ақпарат құралдары;
— тәрбие шаралары (пікірталас, тәрбие сағаты, кеш, дәріс, таным-өнеге сағаттары);
— кітап оқу;
— мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;
— шығармашылық жобалар қорғау;
Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ.  Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасы мен ішкі және сыртқы саясатын дамытатын да бүгінгі жас ұрпақ. Тәрбие жолы — қиын жол.  Өмірді өрнектейтін адам –ұстаз шәкірт алдындағы парызын ешуақытта ұмытпайды. Мүлт етсе үлкен қателік жіберіп алатынын біледі. Ал тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс емес. Мектептегі әр ұстаз ізденуді, білім беруді, баулуды, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндет, айбынды мақсаты  деп  біледі .  Жас  ұрпақты  білімді,  жан- жақты  етіп өсіруге әрбір ата-ана, мектеп және бүкіл жұртшылық болып қатысу керек.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.