Home » Мақалалар » Абай-дана, Абай-Дара қазақта!

Абай-дана, Абай-Дара қазақта!

Алматы қаласы
Наурызбай ауданы
№174 мектеп-гимназияның
10 “А” сыныбының жетекшісі
ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Борангазиева Светлана Аниятовна

 

Оқушылардың ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларының астарлы мағынасын ашу, әрбір оқушының ойын ортаға салу.  Тәлім-тәрбие арқылы адамгершілік поэзиясы, адалдық, сүйіспеншілігі менен оқуға деген қызығушылығын арттыру.

2.Оқушылардың сөйлеу, өз ойын түйіндей білу қабілеттерін, тіл байлығын, әрі сөздік қорларын дамыту.

3. Ізгілікке, адалдыққа, адамгершілікке, жаман әдеттерден арылуға, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Ұлы ақын өз өлеңдеріндегі  әрбір адам бойынан табылуы тиіс рухани құндылықтарды тізбектей келе, гуманизм идеясын асқақтата түседі.  Сонымен, Абай өлеңдеріне терең үңіліп, талдай келе, онда тәрбиелік арналардың қайнар көзі жатқандығына көз жеткізуге болады. Ұлы ақынның әрбір өлеңі, даналық қара  сөзі –мән берген адам үшін өсиет-өнегенің таптырмас үлгісі. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» демекші, Абай жырларының өмірге азық боларлық асыл ойларының  жас ұрпаққа берер өнегесі мол.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.