Home » Мақалалар » Математиканы оқытудың жаңа жүйесіндегі мәтіндік есептің маңыздылығы

Математиканы оқытудың жаңа жүйесіндегі мәтіндік есептің маңыздылығы

Толеубекова Гульшат Советовна
Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті 

«Кенен Әзірбаев атындағы
№15 орта мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі

     Қазіргі білім саласында болып жатқан өзгерістердің басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы қалыптасқан, кез елген іске икемді тұлға даярлау. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай, баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға негізделеді. Сондықтан да оқушыларды математикалық есептерді шығаруға үйрету, оларды түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға дағдыландыру сапалы түрде жүргізілген практикалық сабақтардың маңызы зор. Берілген тапсырманы түсініп оқып, белгілі -белгісіз жағдайларды анықтап алу, есептің сұрағы мен шартын зерделеп, өзінің іс-әрекетін жоспарлап барып, іске кірісуге үйрету сабақта көп уақыт талап етері сөзсіз. Бағдарламамды сабақтан тыс, оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған қосымша факультативтік курс ретінде ұсынып отырмын. Қазір ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында математика ең қажетті пәнге айналды. Математика — ғылымдар атасы. Өйткені математикасыз ешбір пәнді игеру мүмкін емес. Математиканы әрбір азамат жақсы білуге тиіс. Бұл — өмір талабы. Математика адамның күш – жігерін шыңдап, табандылыққа тәрбиелейді. Математиканы жақсы игерген адам болашақта барлық істе жеңіс биігінен көріне алады. Оқушылардың тиянақты білім алуын мақсат ете отырып, білімдерін толықтыру, жаңа білім алу тәсілдерімен жанжақты құралдандыру, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге қолдана білу, ақыл-ой белсенділігін дамыту. Оқушыларды математикалық-логикалық бағыттағы есептерді шешуге үйрету, ғылыми көзқарасын мен белсенділігін , өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру, математикалық білім деңгейін арттыру. Бағдарламаның басты мақсаты: Оқушылардың ауызша есептеу қабілетін арттырып, тез есептеу жолдарын үйрету және логикалық ойлау қабілетін дамыту , мәтіндік есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру және ойындар ойнау арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.