Толеубекова Гульшат Советовна
Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті
«Кенен Әзірбаев атындағы
№15 орта мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Күнделікті тұрмыста мәселе есептерді шешуді көп кездестіреміз. Есеп шығара білу — әр адамның математикалық, логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетінің даму көрсеткіші. Мәселе есептер бастауыш сынып математикасынан бастап барлық орта мектеп математика курсында кездеседі. Бірақ берілген тақырыпта оларды өз дәрежесінде меңгеру мүмкін бола бермейді. Мәселе есептер өте алуан түрлі болып келеді, кейде есептің мазмұнын түсіне бермейді, сондықтан қиындық тудыратын тақырыптардың бірі болып табылады
Есеп шығарудағы мақсат — оқушылар игеруге тиісті негізі білім берілген мәліметтер мен ізделініп отырған мәліметтер арасындағы байланысты игеру болып табылады. Оқушылардың бұл байланыстарды қаншалықты жақсы игергендігі олардың есеп шығара білу біліктілігіне байланысты, Осыны ескере отырып. бастауыш сыныптарда мәтіндік есептерді шығару жолдары туралы қосымша жұмыстар жүргізуді жөн көрдім.
Мәтіндік есептер дегеніміз-аты айтып тұрғандай, мәтін арқылы берілген, теңдеу құруға негізделген есептер болып табылады. Мұны кейде мәселе есептер, кейде сөздік есептер деп те атайды. Күнделікті өмірімізде кездесетін кез келген істі орындау үшін қарапайым математикалық есептерді шығаруға тура келеді.Математикалық теорияны меңгеретін, шығармашылық және өзіндік ойлау қабілетін дамытатын оқу іс-әрекетінің маңызды түрі –математика есептерін шығару. Сондықтан оқытудың тиімділігі көбінесе есеп шығаруды үйретуді ұйымдастыру әдістемесіне байланысты . Күнделікті өмірімізде кездесетін кез келген істі орындау үшін қарапайым математикалық есептерді шығаруға тура келеді.
Есептер біздерге жаңа білімді қалыптастыратын және бұрын игерген білімдерін пайдалану процесінде пысықтала түсетін нақтылы материал больп табылады. Теорияны практикамен, оқуды өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Есептер шығару әрбір адамға оның күнделікті өмірінде қажетті, практикалық білікті қалыптастырады. Есептер шығару арқылы балалар танымдық және тәрбиелік тұрғыдан алғандағы маңызды фактілермен танысады. Математиканы оқуда есептердің алатын ролі ерекше, оны оқудың негізгі мақсаты —математикалық есептің белгілі бір жүйесін шешу әдістемесін игеру. Сондықтан есепті шешу — оқудың мақсаты ғана емес, сондай-ақ құралы.