Home » Мақалалар » Септик туралы не білеміз?

Септик туралы не білеміз?

Соңғы кездері қала тұрғындарынан нысан қызметін жүргізу, адам өмірінің тіршілігі барысында пайда болатын шайынды су, қалдықтардың қоршаған ортаны ластауына, жағымсыз иісіне түсірілген арыз-шағымдар жиілеуде. Бұның өзі, шайынды, сарқынды су қалдықтарын жинауға арналған шұңқырдың (немесе септик) толу шамасына қарай уақтылы тазаланбау, дезинфекцияланбау, жыл мезгілінің ыстық кезінде шыбын-шіркей мен жағымсыз иістің пайда болуына әкеп соқтырады.
Құрылыстың қай саласын алып қарасаңызда (жеке тұрғын үй, көп қабатты тұрғын үй, нысан ғимараты), жоспарлау кезінде басты сұрақтардың бірі ол кәрізжүйесіне қатысты мәселе болып қалуда.
Кәріз жүйесі дегеніміз-нысандардың қызметін жүргізу барысында немесе адам тіршілігінің шаруашылық-тұрмыстық шайынды және жаңбырлы сарқынды суларды шығаруға (ағызуға) арналған су бұру жүйесінің құрамдас бір бөлігі.
Бүгінгі таңда қала орталығындағы нысандар барлығы дерлік орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Заң талаптарына сай кәрізденбеген және ішінара кәрізденген жерлерде орналасқан нысандарға шайынды суларды жинау, уақтылы тазалау жүргізілетін, жабылатын жерасты су өткізбейтін шұңқыр (септик) арқылы жүзеге асыруға рұқсат беріледі. Елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қосылмаған тұрғын үйлерден (тұрғын ғимараттардан) шыққан сұйық тұтыну қалдықтар су өткізбейтін (қақпағы мен қатты фракцияны бөлуге арналған торы бар жер беті бөлігі бар) қазылған шұңқырларға құйылып, кейіннен арнайы автокөлікпен шығарылып және оларды орналастыру орындарын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органы және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым айқындайтын төгу станцияларында төгіледі. Аулалық дәретханалар бар болғанда ортақ шұңқырды орнатуға жол беріледі. Су бұру жүйесіне қосылмаған санитариялық-аулалық қондырғылар мен қоғамдық дәретханаларды кемінде 10 м болатын жеке үй иеліктерін (оның ішінде саяжай учаскілерін) қоспағанда, тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын және тұрғындар демалатын алаңдардан кемінде 25 м, құдықтар мен бұлақ көзінен кемінде 50 м қашықтыққа алшақтатады. Нысандар мен жеке тұрғын үйлердің орталықтандырылған кәріз жүйелеріне қосылуының қаланы абаттандыру мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын арттыруда маңызы өте зор.

Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Сисенов Дархан Алдонгарович.

 Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламентті бақылау бөлімінің Досетова А.К.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.