Home » Мақалалар » Наурыз айының мектеп қабырғасындағы әр күні ерекше

Наурыз айының мектеп қабырғасындағы әр күні ерекше

Көктем лебін ала келген Наурыз айының мектеп қабырғасындағы әр күні – есте қаларлықтай ерекше. Бірі-біріне ұқсамайтын сан түрлі шарамен әр күнін көркемдеген  Алматы қаласы ШЖҚ “М.Мақатаев атындағы № 140 гимназия” МКК-де  22 наурыз — Ұлыстың ұлы күніне орай, «Наурызнама» жоспарына сай, Ұлттық киім күні  5-11-сыныптар арасында ұлттық спорт түрлері бойынша сайыс өтті.

  

Сайыстың ұйымдастырудағы мақсат оқушылардың логикалық ойлауын, ептілігі мен ұшқырлығын дамыту және ұлттық спорт түрлерін насихаттау болатын. Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша гимназиядағы жаңа ғимарттың спорт залында өтті.  Гимназияның АӘТД және дене шынықтыру мұғалімдерінен құралған бірлестік  ұйымдастырушы ретінде ойыншыларға қолайлы орта мен жағдай жасады. Байқау барысында 5-6-сынып оқушылары Тоғызқұмалақ ойнаудан, 5, 7, 8-сынып ұлдары асық атудан,  7, 8-сынып ұлдары арқан тартудан, 10-сынып ұлдары   гір тасын көтеруден, 8, 9- сынып ұлдары қол күрестен сынға түсті. Байқау өте тартысты әрі қызық өтті.  Сайыс соңында жүлделі  орынға ие болған командалар арнайы дипломдармен марапатталады.

Қатысушылардың бал-бұл жанған жүзі шараның жоғары деңгейде өткенінің куәсі болса керек. «Қуанса бала қуансын» мақсатта шара соңында Ұлттық киім күні  орай қазақы нақышта киінген ұл-қыздарымызға ыстық бауырсақ пен Наурыз көже ұсынылды. Шығармашылық тұрғыда шабыттандыра түскен  бұл шараның жас жеткіншектер үшін маңызы зор. Сайысқа  түскен  әрбір оқушы бойында сенімділік, күш-жігер, жеңіске деген ұмтылыс пайда болғаны анық. Шара соңында жылы лебіздері мен тілектерін, алғыстары мен керемет әсерлерімен жарыса бөліскен  жас өркендерімізге толағай табыстар тілейміз!

Әбдіманап Дана,
Алматы қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.