Home » Балабақша » Сыйқырлы Алтын күз

Сыйқырлы Алтын күз

 

 

 

 

 

 

 

 

Шакирова Жанаркуль Кадиракуновна
Алматы қаласы  Алатау ауданы
 МКҚК  «№164 бөбекжай — балабақшасы»
Ересек «Бәйтерек» тобының тәрбиешісі

Жүргізуші:

Қарсы алайык бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр беріп

Жылдың қай мезгілін алсақ, табиғат өз ерекшелігімен сұлу көрінеді. Табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті. Өйткені бізді қоршаған табиғат  аман болса, біз де әрқашан көңілді боламыз
2. Жүргізуші.

Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар және « Бәйтерек тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша  «Алтын күз»   атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған,   сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады . Ендеше«Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.Бүлдіршіндеріміздің  сіздердің құрметтеріңізге

«Күз  келді»  әні   (Хор)

Күз ханшайымы келеді .

Сәлеметсіңдерме балалар, сендер бүгін қандай әдемі болып кеткенсіңдер.

Мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.

Жүргізуші:

  1. Сәлеметсің бе, Алтын күз. Сені көруге өте қуаныштымыз. Күзде табиғаттың бәрі өте әдемі, ғажайып болып тұрады. Біздің де балаларымыз әдемі киініп күзгі балға келді.
  2. Сәлеметсізбе күз ханшайымы келіңіз, төрлетіңіз біздің өнерлі балаларымыздың өнерлерін  тамашалаңыз.

Ал балалар өнерімізді көрсетуге дайынбыз ба  ? (ия)

Ендеше  кезекті бүлдіршіндеріміздің бүгінгі
Күз туралы өлең шумактарына кезек береміз.

Ақерке, Айсултан, Темірлан, Марлен, Ихлас,Даниал, Н.Аяжан, Элли

Ақерке:                                                          Айсултан
Соңғы шуақ төгіліп,                                      Көк аспанның мөлдіреп
Жақынданып тұр аймақ,                               Алтын күзім елжіреп,
Ақ сәулеге шомылып,                                   Асыр салып жүребер,
Жапырақтар жүр ойнап.                               Сары көйлегің желбіреп.

Темірлан:                                                        Марлен:
Шөп сарғайып,                                             Нұрға бөлеп өмірді,
Ағаш қурап,                                                  Жырға бөлеп көңілді,
Гүлдер де солады,                                        Жарқыраған сәулелі,
Бұзылады табиғат.                                        Күз әуені төгілді.

Ихлас:                                                           Даниал
Ақтарады мырза күз,                                  Думан толы асқарлы,
Уылжыған жемісті,                                     Күз мезгілі басталды,
Күзге бізде ризамыз,                                   Күз әуені кеп жетті,
Аянбаған ел үшін.                                       Әнгет бөлеп жастарды.

 Н.Аяжан                                                     Элли
Қоңыр салқын тарады,                               Көбейді құт береке,
Қойнаулар мен сайлардан,                        Астық толы қамбамыз,
Қаздар қайтып барады,                              Құтты болсын мереке,
Қайтқан елдей жайлаудан.                        Алтын күзді тойлаймыз.

Бағбан кіреді:
Бағбан сөзі:
Ал енді ортамызға « Бәйтерек» тобының ұлдарын «Жемістер» биімен  қарсы алыныздар. –Бағбан шығып кетеді.
Алияр,Илияс,Ердаулет,Димаш,Айсултан,Муха,Марлен

Жұмбақ
Жургізуші : Балалар мен сендерге жұмбак жасырғым келіп тұр , сендер бұл  жұмбақтың шешуін тапсаңдар біздің көптен күткен қонағымыз келеді.  Ендеше сендер дайынсыңдар ма?

Балалар:              Әрине дайынбыз.
Жүргізуші:
Көк майсалы көрікті
Алқап тола көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін  .       ( Күз  )

Бұлт кіреді.(Ойын)

Күз: Жарайсыңдар рахмет сендерге. Бірақ күн салқындап аспанды, жиі бұлт торлағанға мені көңілсіз деп ойламаңдар. Сендердің ойындарыңа көрік беретіндей менің де қасиеттерім бар. Келіңдер, бірігіп ойнап көңіл көтерейік.

 Тиын (қыздар биі)
Н.Аяжан,Элли,Н.Раяна,Б.Аяжан,Ақерке,Іңкар

Жүргізуші : : Біздің ұлдарымыз әдемі би билеп берді. Сендерге ұнады ма? Ал енді бүлдіршіндеріміздің тағыда күзге арнап айтатын тақпақтары бар екен,тыңдап көрейікші!

Әли,Омар,Самғат,Б.Аяжан,Алихан,Илияс, Ақназар,Іңкар

Әли:                                                              Омар:
Жеміс жидек пісті,                                   Берекесі силауға,
Қамбаға астық түсті,                               Өлкемізге күз келді,
Қызу жұмыс басталып,                           Жемістерін жинауға,
Жинап алды жан салып.                          Шақырады біздерді.

Самғат:                                             Алихан:
Жеміс мол теретін,                                  Алтын ,сары,қызыл, көк
Күз дос екен бізбенен,                            Алуан,алуан ,жапырар
Бәрін тауып беретін,                               Ағаштардан жамырап
Жомарт екен күз деген.                          Ұшты кенет жапырақ

    Ақназар                                               Илияс:
Қоңыр салқын тарады                           Көктен көзін бір алмай
Қойнаулар мен сайлардан                     Қызғылт тартты кәрі күз,
Қаздар қайтып барады                           Жер қызығын қия алмай,
Қайтқан елдей жайлаудан.              Маужырап тұр сары күз.

Іңкар.                                                          Б. Аяжан
Думан толы асқарлы                               Күз келді қарашы,
Күз мезгілі басталды,                             Сап сары далаға,
Күз әуені кеп жетті,                                Құстарда қайтады,
Әнге бөлеп жастарды.                            Жылы жылы жақтарға.

Бұлт:: Сендермен уақытты өте қызықты өткіздім. Бірақ маған қайту керек, себебі Казақстанның жерін бәрін суғару керек. Сау болыңдар, балалар!

Саңырау құлақ(ұлдар биі)
Ақназар,Омар,Темірлан,Әли,Ихлас,Әлихан,Самғат,Даниал
Ән «Күзгі вальс»
Жүргізуші:
Күз келіпті дегенше,
Мереке болсын дегейсің,
Қонаққа келіп тұратын,
Көрермендер көбейсін!
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Рахмет. Сауболыңдар!

46 комментариев

  1. Жанар Нусипова

    Керемет! Балалардың екінші аналары аман болыңыздар! Жұмыстарыңызға сәттілік!

  2. Балам 164 бөбекжай балабақшасына барады, осы Бәйтерек тобына, Жанар апай келгелі , тілі шығып. Сөз құрамын шығаратын болды, өте білімді керемет маман

  3. Такирова Айгерим

    Жанаркуль Кадиракуновна мықты, тәжірибесі мол тәрбиеші, еңбегіңіз биіктен көріне берсін 👏

  4. Жанар (Қадыратқызы 😗 қызым Элли осылай айтады) рахмеееет сізге.

  5. Жанар апай білімді тәжірибесі мол маман ,еңбегіңіз жемісті болсын!

  6. Толғанай

    Рахмет апайларына!!! Берген білімі мен тәрбиесіне!
    Жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер!

  7. Альбина

    Кандай кушти😍

  8. Нургуль А

    Керемет! Шығармашылық табыс тілеймін!

  9. Зауре Жайлаубаевна

    Еңбегіңіз елене берсін. Биік шыңдарды бағындыра беріңіз

  10. Зауре Аманалиева

    Жанаркуль Кадиракуновна керемет тәрбиеші. Білікті маман

  11. Куштии👏 , еңбегіңіздің жемісін көріңіз

  12. Өте күшті,Жанар апай өте білімқор адамсыз😍👍🏻

  13. Ооо керемет!Жанар ханым өте білікті,білімді,мықты тәрбиешісіз керемет😍😍

  14. Акжаркын

    Жанар апай өте керемет тәрбиеші
    Өз ісінің маманы

  15. Кішкентай балапандарымыздың жан-жақты дамуына, өскелең ұрпақ тәрбиелеуде, өрелі жұмысы мен өлшеусіз еңбектері үшін алғыс білдіремін. Еңбегіңіздің жемісін көріп, отбасыңызға бақыт тілеймін.

  16. Жанар апай өте білікті мамансыз

  17. Масимжанова Гулнара

    Жанар өтте кушті! білімді еңбекқор жансың.
    Өтте білікті мамансың!!

  18. Өте керемет,білікті маман иесі👍👍

  19. Білікті маман,тамаша жан өте керемет😍❤️😍

  20. Жанар апай, үлгілі ұстаз👍

  21. Жанар Апай улгили устаз билимди бапкер мейиримди жан Алга тек алга

  22. Гүлдана

    Жанар апай өте керемет жансыз!

  23. Керемет қандай білікті маман 😍😍

  24. Диана Ахмадиева

    Жанар апай биликти билгир маман иеси!Сиздин жолынызды бизге берсин 👍👍👍

  25. 😍😍😍😍😍

  26. Үлгі ұстаз👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

  27. Катя апай

    Жанар апай тәжірбиесі мол ақылды парасатты мейрімді тәрбиеші тек биіктерден көріне берініз

  28. Өз ісінің майталманы👏🏻

  29. Мыкты тажырбиесы мол мынезы коркем устаз

  30. Жанар апай шығармашылық табыс тілеймін

  31. Шығармашылық табыс тілеймін апай!

  32. Ерсултан

    Құрметті Жанаркуль Кадиракунова

    Сізге еңбегіңіз бен балаларымызға деген қамқорлығыңыз үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді. Сіз жай ғана ұстаз емессіз, сіз біздің балаларымыздың тәлімгері, досысыз. Сіздің шыдамдылығыңыз және кәсібилігіңіз олардың дамуына және армандарыңа жетуге көмектеседі.

  33. Жанар апай өтте білімді, білікті , өз ісінің майталманы!!

  34. Жанар апай тек биіктен көріне берініз👏👏😘

  35. Прекрасное выступление! Побольше бы в страну таких чутких воспитателей, которые уделяют большое внимание развитию детей😻

  36. Жанар апай Оте Жаксы тарбиеши жасайбериниз

  37. Керемет тәрбиеші білікті маман
    Тек алга

  38. Жанар апай жұмысыңыз өрлей берсін. Табысты болсын.

  39. оооо,керемет сценарий!Өз мамандығын сүйетіні көрініп тұр!😍Керемет !Сүйсініп тұрып оқыдым,Жанар апай

  40. Света Камешқызы

    Жанар апай білікті маман иесі! Еңбек қор. Творчестволық табыс тілеймін 😘

  41. Гулмира

    Жанар апай сізге жұмыста табыс тілеймін ,сіз өте білімді,жақсы тәрбиешісіз Биіктерден көріне беріңіз !

  42. Гүлзинат Баймешова

    Жанар ,тек Алға,әр күніне сәттілік тілеймін 💐

  43. Жанар Кадиракуновна мықты тәрбиеші!Жұмысына тәнті боламын өте мықты маман!!!

  44. Жанар апай керемет тәрбиеші

  45. Данагуль

    Қандай керемет! Жанар, жұмысың өрлей берсін, тек қана алға!

  46. Жанар ханым оте мыкты маман

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.