Home » Балабақша » Қош келдің Жаңа жыл!

Қош келдің Жаңа жыл!

 

 

 

 

 

 

 

 

Оразова Акжаркын Турдахыновна
Алматы қаласы  Алатау ауданы
МКҚК   «№164 бөбекжай -балабақшасы»
Ересек «Бәйтерек» топ тәрбиешісі

 

Тақырыбы: Қош келдің Жаңа жыл!
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру.
Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру.
Балаларды бір — біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық көрініс, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары
Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау.Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген.

  1. Балалар ортаға музыкамен кіреді.
  2. Апайлар шығады.

   

     1.Жүргізуші:

Барлық жандар бір білікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата — аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

                       

2.Жүргізуші Құрметті қонақтар қош келіпсіздер! Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды.
Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып, әрбір отбасында арман — тілектеріңіз орындалсын!
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.

  1. Хор (Жаңа жыл )

     1.Жүргізуші: — Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)

2.Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау — у — у — у! 3 – рет

  1. Аяз ата, Ақша қар кіреді.

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Ақшақар.— Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт — жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

1.Жүргізуші:
Қош келдіңіздер,
Аяз ата, Ақша қар!
Біздің балалрдың 

2.Жүргізуші:
Біздің балаларымыз шетінен әнші,биші
Балалрымздың өнерін  тамашалайық

  1. Олай болса кезекті бүлдіршіндерімізге береміз

Темірлан, Ердаулет, Н.Аяжан, Ақерке, Ақназар, Н.Раяна, Әлихан, Жансая, Омар, Марлен.

Темірлан:                                                 Ердаулет:
Жаңа жыл жаңа жыл                                 Тамаша, тамаша
Жаңа жылда жаңа жыр                              Шыршамыз тұр жараса,
Жасыл шырша жанында                            Басында әсем жұлдызы
Билеп барлық бала жүр.                            Көз тоймайды қараса.

Н.Аяжан:                                                     Ақерке:
Жылдың әнін бастайын                             Жаңа жылды қарсы алып,
Аяз ата кеп қалды                                      Мініп алдым күймеге
Майысады жас қайың                                Мен де бүгін ән салдым
Көтере алмай көп қарды                            Араластым биге де

 

Ақназар:                                                     Н.Раяна:
Ақ қырауға малынған                                Аяз ата келіп тұр
Сақалы да мұрты да                                   Бізге сәлем беріп тұр
Аяз ата сағынған,                                       Қолындағы кәнпитін
Сәлем берді жұртына                                Балалаларға беріп тұр

Әлихан:                                                     Жансая:
Жаңа жылда, балалар                                 О, алақай Аяз ата
Тек қуаныш көріңдер                                Келе жатыр алыстан
Ауырмаңдар ешқашан                              Кел билейік үйренейік
Мықты болу өзіңнен                                 Ол келгенше жаңа жыр.

Омар:                                                           Марлен:
Далада қар борайды                                 Ақша қар, ақша қар
Ақ мамыққа орайды                                 Аппақ болып қонасың
Мұз болады, қатады                                 Тоса қалсам қолымды
Жып жылтыр боп жатады.                       Алақаныма толасың

  1. Жүргізуші: Біздің биші қыздарымызда бар.биін тамашалйық
  2. Ұлдар биі (Гном) Әлихан,Алияр,ДимашИхлас,Ердаулет,Ерсамғат

Өнерлерін көрсеткен балаларға Аяз ата мен Ақша қар сыйлықтарын береді.
2.Жүргізуші: — Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
   7. Қоян кіреді ( ескі  жыл)
   Қасқыр кіреді ( қасқыр сөзі )
  Жүргізуші: Қоян Қасқыр сендер  тату болыңдар .Біздің  балалар тәртіпті,
   ақылды олар ешқашан бір бірімен соғыспай тату ойнайды.
   Сендер біздің қыздарымыздың биін көріңдерші. Қыздардың биін     тамашалайықшы

       8 . Қыздар биі  (Моншақ)

           Қоян жылы:

Мен қоянмын, қоянмын
Бәріне мен таныспын,
Айналама сыйлымын,
Сезімсізбен алыстым,
Күшіме мен сенемін,
Бәрін де  де женемін,
Сіздермен қоштасып шіреніп бір күні  мен келермін.
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымыз қош саубол деп айтайық.

Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Жүргізуші: Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!

  1. Ұлу жылы: кіреді
  2. Жүргізуші:Салеметсің бе , Ұлужан ,қош келдің !Жаңа жыл құтты болсын!Біздің балаларымыздың өзіне дайындаған өнерлерін көріп тамашалап қайт.

      АҚШАҚАР: Қош келдің Жаңа жыл!

      АЯЗАТА: — Ой, мына балалардың барлығы өнерлі екен! Менің де билегім келіп кетті ғой.

  1.     Жүргізуші: Біздің балалар сіздерге тағыда тақпақ айтып, би билеп берсек, Аяз атадан сыйлық алғымыз келеді дейді
  2. Балаларымыздың тақпағын,биін тамашалайық (Ихлас,Даниал, Б.Аяжан,Ерсамғат,Іңкар,Илияс,Әли,Элли,Димаш,Алияр)           

 Ихлас:                                      Даниал:
Тілеймін мен бар әлемге              Жаңа жылым мол болсын
Дос көп болсын жаңа жыл            Басқан қадам оң болсын
Ата әже, әке шеше                         Төрле, төрле жаңа жыл
Құтты болсын жаңа жыл               Бізге құтты жыл болсын

   Б.Аяжан:                                    Ерсамғат:
Аяз ата ақ сақалды                       Жапалақтап ақша қар
Ақ таяқты паң ата                        Жауды күнде қайталап
Асып әтіп асқар тауды                Қырға шықты балалар
Жеттің бізге таң ата                     Шаңғыларын арқалап

Іңкар:                                          Ілияс:
 Оралды өлкеме                             Аяз келді қаһарлы,
Жаңа жыл армысың                      Айналаны қар жапты
Оранды ақ көрпеге                         Ақ тон киіп орман тұр,
Асқар тау қарлы шың,                   Дәл атамдай салмақты.

 Әли:                                              Элли:
Жаңа жыл келгенде                       Ақ қар жапты даланы
Қуанып қарсы аламыз                   Ақ жамылды айнала
Аяз ата келгенде                            Жарқыратып шамдарын,
Билейміз ән саламыз.                    Шырша келді ортаға

Димаш:                                          Алияр:
Аю, қоян бәрі де                             О, алақай Аяз ата
Ортада жүр би билеп                      Келе жатыр алыстан
Балаллар жүр мәз болып,               Кел билейік үйренейік
Би билейді дөңгелеп.                      Ол келгенше жаңа жыр.

  1. Ұлдар биі (Аққала)    Темірлан,Ақназар,Омар,Марлен,Әли,Даниал,Ілияс
  2. Жүргізуші:Аяз ата, Ақшақар, балалармен ойын ойнаңызшы! ( Аяз ата балалармен жаңа жылдық ойындар ойнап, сыйлықтарын үлестіреді).
  3. Ойын: Жаңа жылдық тілектер сайысы.

 Ойын шарты: 5 баланы ортаға шақырамыз. Олардың әрбіреуі кезекпен бір жаңа жылдық тілек айтуы тиіс. Үлкен сыйлыққа кенеледі.

  1. Мода көрсету: Омар,Іңкар Әли, Н.Аяжан    Марлен, Ақерке

14.АЯЗАТА: Ал айналайын, Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат! Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, Жаңа жыл!

АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарың ды бір қуантып тастадыңдар. Көп – көп рахмет! Өркендерің өссін! Енді Ақшақар екеуміз аттанайық! Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңыздар!

АҚШАҚАР: Сау болыңыздар балалар, келесі жаңа жылда кездескенше!

Барлығы:СауболыңызАязата! Сауболыңыз Ақшақар! (Әсем әуенмен, Аязата мен Ақшақар қоштасып, шығып кетеді)

  1. Әсем әуен: Хор ( Кішкентай Шырша)

1.Жүргізуші: Міне, жаңа 2024жылда келді. Ал 2024 жылы елімізге тыныштық болып, ырыс — құтымыз арылмасын!Жаңа жыл — әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін!

2.Жүргізуші: Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын! Келесі жаңа жылда кездескенше аман — сау болайық! 

Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

62 комментария

  1. Өте білімді акылды кісі 👍🏻👍🏻

  2. Бөбекжай бала-бақшасындагы ең күшті тәрбиеші

  3. Өте білімді тәрбиеші❤️

  4. Нургуль А

    Ақжарқын керемет тәрбиеші .Шығармашылық
    Табыс тілеймін.

  5. Жанар Нусипова

    Керемет, жұмыстарыңызға тек сәттілік!

  6. Жарқын апай, еңбегіңіз өссін. Қызым сіздерді жақсы көреді

  7. Ақжарқын апай өте мейірімді ,білімді,баламен керемет жұмыс жасай алатын маман жақсы көреміз апайды😘😍

  8. Такирова Айгерим

    Ақжарқын Турдахыновна еңбегіңіз биіктен көріне берсін.

  9. Акжаркын жұмысың алға баса берсін!

  10. Акжарқын апай салмақты,сабырлы, әрі білікті маман, балам жаксы көреды осы апайын, еңбегініздің жемісін қөрініз, аман болыныз

  11. Зауре Жайлаубаевна

    Шығармашылық жолында шыңдала беріңіз

  12. Толғанай

    Өте білімді , білікті, қамқор апай! Тек қана жұмысыңыздың жемісін көріңіз!

  13. Зауре Аманалиева

    Керемет ертеңгілік өткізілді. Шығармашылық табыс тілеймін

  14. Ақжарқын апай жарайсыз!💐💐💐

  15. Балаға бағыт- бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анамыз. Балаларға әрқашан қамқор болып, ешқашан жұмыс істеуден шаршамайтын жанның бірі — Ақжарқын апайымызға мың алғыс. Тек сәттілік серік болғай 🥰

  16. Масимжанова Гулнара

    Ақжарқын өтте керемет мейрімді және ақылды тәрбешілердің бірі.
    Әрдайым еңбегің жарқырап жана берсін.
    СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН

  17. Катя апай

    Ақжарқын білімді білікті тәрбиелі маман тек биік шындардан көріне бер

  18. Өте білікті маман💐

  19. Жанар Шакирова

    Ақжарқын Турдахыновна еңбегіңіз табысты, жемісті болсын. Үлгілі ұрпақ тәрбиелеп, биік шыңнан көріне беріңіз .

  20. Биздин салмакты сабырлы улгатты тарбиешимиз Алланын нуры Жаусын

  21. Керемет! Сәттілік!

  22. Диана Ахмадиева

    Бииктен коринуйнизге тилектеспиз 💐💐💐👍

  23. Ақжарқын сәттілік серігің болсын!

  24. Шығармашылық табыс тілеймін! Сәттілік

  25. Керемет биіктерден корине бер👍🏻😘

  26. Гүльнара

    Еңбегің жаңа берсін!биіктерден көрін!👍🏻😘
    Табыс тілеймін

  27. Ақжарқын апай 👏👏тек биіктерден көріре берініз

  28. moldir78@bk.ru

  29. Шегай Жанар

    Молодец так держать

  30. Өте керемет тәрбиеші😍

  31. Акжаркын апай тек биіктерден көрініп, еңбегіңіз жана берсін

  32. Акжаркын апай оте керемет ❤️‍🔥❤️‍🔥 ербегиниз жана берсин 😊😘

  33. Жанболат

    Ақжарқын Турдахыновна еңбегіңіз табысты, жемісті болсын. 👍👍🙂

  34. Акжаркын тате оте керемет киси

  35. Акжан апай біліктіде,білгір,ұлағатты тәрбиеші !!!

  36. Акмарал

    Жұмысыңа табыс,еңбегіңнің жемісін көр

  37. Акжаркын әрдайым сәттілік

  38. Баймешова Гулзинат

    Ақжарқын, құттықтаймын, еңбегін елене берсің 💐💐💐

  39. Жұмысыңыз алға баса берсін білікті маман❤️

  40. Жұмысыңыз алға баса берсін білікті маман❤️

  41. Жұмысыңыз алға баса берсін білікті маман

  42. Өте ақылды білікті маман

  43. Биік белестерден көріне бер, алга✊

  44. Акжаркын апай жұмыста табыс🙏

  45. Керемет, Тек Қана биіктен көріне беріңіз 👏👏👏

  46. Жұмысын жаңа берсін👍

  47. Акпей1л

    Жумысынызга береке ✅ өз исинин маманы😍

  48. Меруерт

    Бииктен корыныныз тек кана

  49. Өз ісін сүйіп істейтін мамандардың бірі🤗 жумысыңыз алға баса берсін👏🏻

  50. Құрбысы Қымбат

    Ақжарқын білімді , білік, ұлағатты ұстаз, адал дос, ардақты , аяулым ана сондай керемет жансың. Жұмыстың жемісті болсын

  51. Бауыржан

    Ақжарқын апай өте білімді үздік ұстаз еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз Аллаһ разы болсын сізге

  52. Абзал Ибраим

    Жұмысыңыз тек биіктен көрінсін !

  53. Нурдаулет

    Ақжарқын апай өте біліктіде білімді маман иесі енбегеніңіз жана берсін!

  54. Өте білімді маман

  55. Кымбат Смагул

    Өте білікті, білімді маман иесі! Жұмысыңыз жемісті болсын!❤️

  56. Өте білікті маман иесі✅
    Жұмысыңызға табыс тілеймін👍

  57. Ақжарқын апай керемет тәрбиеші

  58. Нұрайым

    Тек қана Алға! Жарайсың

  59. Ақжарқын атына сай Адам, Керемет 👍 сәттілік

  60. Мә Керемет жан, Тек қана биіктен көріне бер

  61. Мә апай күшті, құтты болсын, Биіктерден көріне беріңіз 👏👏👏

  62. Жарайсың Ақжарқын!!! Сәттілік

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.