Home » Сценарийлер » ӨЗГЕ ҰЛТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІС–ТӘСІЛДЕР

ӨЗГЕ ҰЛТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІС–ТӘСІЛДЕР

Аяпбергенова Гульназия Кадыржановна,
Қарағанды облысы, Абай ауданы,  Абай қаласы
№  қосымша білім беру мектеп -орталығы,
қазақ тілі мен  қазақ әдебиеті мұғалімі

 

         Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.Иә, қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бірқатар пәндер бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде.Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы — озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді. Орыс мектептерінде қазақ тілі сабағында өз тәжірибемнен келесі әдіс-тәсілдермен бөлісемін.

 «Батыр  және ат» әдісі

Сипаттамасы:сынып  екі топқа бөлінеді «шабандоз» және «ат».Бірінші кейіпкерлер сұрағы бар карточкаларды,екінші кейіпкерлер жауабы бар карточкаларды алады.Әр «шабандоз» өзінің «атын» табу керек. Бұл әдісті жаңа сабақта да қолдануға болады.

«Әр қадам сайын»

Сипаттамасы:алған білімдерін ортаға салу үшін қолданылады.Оқушы тақтаға әр қарай қадам сайын өткен тақырып бойынша бір сөзді немесе ұғымды немесе құбылысты атайды.

 «Себет пікірі»

Сипаттамасы:сабақ  басында  оқушылардың жеке және топтық жұмысын ұйымдастыру әдісі. Бұл әдіс талқыланатын тақырып бойынша оқушылардың нені білетіні және нені ойлатыны туралы мүмкіндік береді.Тақтаға  ілінген себетке оқушылар берілген тақырып бойынша нені білетіні туралы ақпаратты жинайды.

Ақпаратпен алмасу келесі түрде өткізіледі:

1.Оқушыларға жаңа тақырып бойынша нақты сұрақтар қойылады.

2.Алдымен әр оқушы жаңа берілген тақырып бойынша  нені білгенін еске түсріп,дәптерлеріне жазады.(жеке жұмыс,ұзақтығы 1-2 минут).

  1. Кейін ақпаратпен алмасу жұпта немесе топта өтеді.Оқушылар білген білімдерімен бір-бірімен бөліседі (топтық жұмыс).Талқылауға 3 минут.

4.Әрі қарай әр топ айналым бойынша бір мәліметті немесе бір деректі атайды.Шарты қайталанбау керек (пікірлер тізімі құрастырылады).

5.Барлық мәліметтер себетке жиналады.(қате болуы да мүмкін,оқушы көзқарасы бойынша).Кейін сабақ барысында  барлығы түзетіледі.

«Дейін-Кейін»  әдісі

Сипаттамасы :сын тұрғысынан  ойлау әдісінен .Бұл әдісті сабақтың  бірінші кезеңінде  және рефлексия кезеніңде қолдануға болады.

Бұл әдіс нені қалыптастырады:

  • Оқу икемділіктерін;
  • Таныс және беймәлім мәліметтерді ара қатынасқа салу икемділікті;
  • Өз ойларын ортаға салу;

Салыстыру және шешім қабылдау икемділігі.

Кесте екі бағанаға бөлінеді.Бір бөлігінде «Дейін», онда оқушылар сабақ тақырыбы туралы өздерінің сөйлемдерін,пікірлерін жазады.Екінші «кейін» бөлігі сабақ соңында  жаңа тақырып өткеннен кейін толтырылады.Әрі  қарай  оқушы «дейн» және «кейін» мазмұндарын салыстырып,шешім қабылдайды.

«Турнир»  әдісі 

Сипаттамасы:тақтаға  екі  оқушы шақырылады.Олар бір-бірін сөйлеммен толықтырып,үйренген материал бойынша әңгіме құрастырады.Жеңіске ең соңғы  сөйлемді құрастырған оқушы жетеді.

«Қатені ұста» әдісі

Сипаттамасы:мұғалім оқушыларға саны белгісіз  қатесі бар тапсырманы,ақпаратты береді.Оқушылар қатені топпен немесе іздейді.Бірлесіп талқылайды.Бір  шешімге келіп,топтың спикері сынып алдында ортаға салады.

«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді.  Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады

Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.