Home » Жаңалықтар » БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

         Екімың жиырмасыншы жылдың бірінші ақпаннан бастап Қарағанды облысы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалында «қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті  пәні бойынша оқыту процесін  жобалау» тақырыбында курс басталған болатын.  Тақырыбы өте өзекті, құнды. Курс тренері – аға оқытушы Айткенова Мөлдір Болатқызы. Дәріс барысында бүгінгі өзекті тақырыптар – Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың  2020 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасы,  PISA халықаралық зерттеуі жайлы  мағлұмат алдық. Еліміз үшін бұл бағдарламалар білім беруді дамытуды, бақылау-бағалау жүйесін реформаландыруды қажет ететін факторларды қарастырады, атап айтатын болсақ, қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігінен орын алуы негізгі себеп болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңартылуда. Сол негізде жаңартылған білім беру мазмұнындағы «Мәңгілік ел» құндылықтарына мән беру де аса маңызды. Курс аясында әр сессия  сайын тыңдаушыларға тренер тарапынан кері байланыс беріліп, қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылып отырады. Сессия барысында тренер ұсынған тапсырмалар тиімді болды, олар жеке, жұптық, топтық формалар арқылы ұйымдастырылып, оқытудың болжау, талқылау, мәселені бірлесіп шешу сияқты белсенді әдістерімен тыңдаушылардың курсқа деген қызығушылығын арттыра түсті. Аталмыш курстың әр сағаты ұтымды жоспарланған. Ұстаздар қауымы үшін өте құнды дүниелер берілді. Алдағы уақытта білім беру мазмұнында оқушыларға сапалы білім беруде алған білімімізді жүзеге асырамыз деген үміттеміз.

Хасенова Динара Зейнуллаевна,
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
Жаңаарқа ауылы, Ж. Сәдуақасов атындағы
ЖОББ мектебінің қазақ тілі мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.