Еңбек – ердің санаты,
Білім – ердің қанаты – дегендей, тұла бойына тұнған білімімен, ерең еңбегімен еленіп жүрген, өз заманының дара тұлғасы деп ауыз толтырып айтуға болатын бірден – бір ер азамат болса ол – Шортанды №3 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі әрі мектеп басшысы Анесий Азамат.
Адамның сырт келбеті – оның ішкі жан дүниесінің айнасы демекші, Анесий Азамат өзінің жайдарлы жарқын жүзімен, адамгершілік қасиеттерінен бір сәткеде ауытқыған емес. Қарапайым отбасында әкемен ананың адал тәрбиесімен сусындаған ол – қазіргі таңда еліміздің ертеңін қалап, болашағын нұрландыратын ұрпақ тәрбиелеу барысында еңбек сіңіріп жүрген адал жан. Анесий Азамат 2006 жылы М.Қозыбаев атындағы (СҚМУ) университетін үздік тәмәмдаған. 2007 жылдан бастап Шортанды №3 қазақ орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімімен қатар тәрбие ісінің меңгерушісі міндетін атқара білді. Өзінің білімімен еңбегін ұштастыра отырып, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық семинарлармен конференцияларға, іс – шараларға атсалысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, көпке үлгі–өнеге бола білді. Талмай талаптануының арқасында өмірде көптеген белестерді бағындырып, асуларды асып, шыңның биігінен көріне білуде. Анесий Азамат тарих пәнінің педагог-зерттеуші санатындағы мұғалімі және білікті басшы. Мұғалім ретінде өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Жаңартылған білім мазмұнының қыр-сырын меңгерген ұстаз оқушыларына тарих пәнінен қызықты, тартымды сабақтарды ұйымдастырып, шәкірттерін білім нәрімен сусындатуда. Сондай – ақ көптеген шәкірттерін аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға дайындап жүлделі орындарды еншілеген білікті маман.
2016 жылы, Жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Шортанды әкімдігінің Құрмет грамотасымен, 2017 жылы Қазақстан тарих пәнінен оқушыларды олимпиадаларға дайындағаны үшін Астана қалалық әкімдігінің Алғыс хатымен марапатталған. Сонымен қатар 2017жылы VII Халықаралық білім беру және біліктілікті арттыру жүйесіндегі педагогикалық инновациялық жәрмеңкесіндеАлтын Сертификатпен марапатталса, 2018 жылы «Ауданның экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін» Алғыс хатымен, 2019 Шортанды ауданының 80 жылдық мерей тойына орай төс белгісімен және ҚР-ң Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған.
Мектеп басшылық міндетін атқару барысында да, ұжымды аса жауапкершілікпен еңбекқорлыққа, біліктілікпен жаңашылдыққа жетелеуінің нәтижесінде жеткен жетістіктері де аз емес…
Атап айтар болсақ, 2017-2018 оқу жылында «Үздік білім беру ұйымы», «Үздік сайт», «Үздік сауықтыру ұйымы» сияқты номинацияларды мектеп ұжымының жеңіп алуына басшы ретінде аса белсенділікпен зор үлесін қосты. 2019 – 2020 оқу жылында «Үздік рессурстық орталығы» атты республикалық байқауыдың алғашқы кезеңінде Ақмола облысының үздік ресурстық орталығы атанып, Павлодар қаласында өткізілген республикалық байқауға 10 облыстан 11мектеп қатысып, Ақмола облысы Шортанды №3 қазақ орта мектебі бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар Білім және Ғылым министрлігі атынан Құрмет грамотасының иегері атанып, 2020 – 2021 оқу жылында өткізілетін «Үздік рессурстық орталығы» атты халықаралық байқауды өткізуге жолдама алды.
Қысқасы нағыз «Адам» деген атқа лайық өмір сүріп, адамгершілігімен өмірлік іс – тәжірибесімен жас мамандарды да ізгі жолға баулуда. Оның мектептегі сабақ арасындағы қоңырауды қазақтың күмбірлеген күйіне ауыстырудың өзі үлкен игі іс әрі рухани жаңғыруға қосқан үлесі іспеттес.
Адам баласы мынау өмірде өзін – өзі танып, өмір дастанынан жинақтаған тәжірибесін әр кез ақылға салып, жүрек жылуымен іс жүзінде пайдалана білгенде ғана өмірінің мәнімен сәні жарасары анық. «Өзіңе сен! Сенің тірегіңмен бақытың, бір – бірінен ажырамас санаң мен еңбегің болмақ» — деген Абай атамыздың ұлағатты сөзін ұстанып, өмірлік бағытын айқындап, алдына нық мақсат қойып, армандарына жетіп, өмірден өз орнын ойып тұрып алған аты затына сай, жаста болса да бас бола білген, қоғамның дамуына зор үлес қосып жүрген дара тұлға.
Үлгілі ұстаз Азамат, өзгеге үлгі ғаламат,
Атына заты сай келген, ардақты ұстаз ғажап – ақ.
Тәрбие ісін бастаған, ұлағатты ұстаз бас маман,
Тарихтың сырын ақтарған, өзіңмен шәкірт мақтанған.
Қадірлі ұстаз ортада, мақтаныш етем тамсана,
Бар білімін арнаған, шәркірті үшін қаншама.
Салауатты салтындай, жүреді әркез жарқылдай,
Жанұяда үлгілі, үш баласы алтындай.
Елеулі болсын еңбегің, шырағың мәңгі сөнбесін,
Елің үшін өсе бер, жамандық Алла бермесін!!!
Мұрат Замира,
Ақмола облысы
Шортанды ауданы
Шортанды №3 қазақ орта мектебінің
«Өзін – өзі тану» пәні мұғалімі