Home » Баяндамалар » ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕЛЕКТ ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕЛЕКТ ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бүгінгі  таңда  адамның  интеллектуалдық  сипатының концептуалдануын  педагогикалық  аспектіде  зерттеу  өзектілік танытып отыр. Өйткені  адам интеллектісінің  тіл  білімі (танымдық  тіл білімі, психолингвистика,  лингвомәдениеттаным) аясында педагогика ғылымымен тоғыса зерттелуі кешенді түрде, жаңа заман ағымы мен ғылым талаптарын  негізге  ала  отыра  іске  асырылса,  Елбасының  стратегиялық мақсатын  жүзеге  асыруға  ғылыми  тұрғыдан  үлес  қосудың  бір  тетігі орындалар  еді.  Екіншіден,  бәсекеге  қабілеттілікті  талап  ететін  дәуірде адам  туралы  ғылымды  үнемі  жаңғыртып  отыру  керек.  Дүниежүзілік жаһандану  үдерісі  жаратылысымызда  адамға  ғана  тән   интеллектуалдық мүмкіндіктерді енді  жасанды  интеллект  арқылы  дамытуда. Әлемде  бұрын-соңды  ешкімнің  ойына  келмеген  ғылыми-технологиялық төңкеріс  белең алуда.  Осы  жағдай  адам  өмірін  ұтқырлыққа,  ақпараттық  ағымға,  әлемдік бәсекелестікке  және  т.б.  осындай  көптеген  қоғамдық  факторларға бағынышты етіп отыр. Қалай айтсақ та, адам интеллектісі (ой, сана, ақыл, парсат, білім, дарын және т.б.) – саналы тіршілігіміздің басты тірегі, ал бұл –  ел  болашағының  көрінісі және ұрпағымыздың  интеллектуалдық әлеуетінің  маңызды  шарттары. Интеллект  –  адам миының қызметі, ақылының қолданылуы кезінде, танымдық-логикалық  үдерісте,  қоршаған  ортада  тіршілік  ету  барысында жиналған  білім-тәжірибені  пайдалануда,  іске  асыруда  көрініс  табатын ұғым-белгі.  Интеллектінің  мәнін  бір  ғана  ғылыми  бағытта  айқындау мүмкін емес. Әлеуметтік  интеллект  –  адамның  қарапайым  тіршілікте  өзіне қажетті орнын таба білу және кез келген уақытта өмірлік бағыт-бағдарын өзгерте  алу  қабілеті.  Мәселен,  біз  өмірде  бала  немесе  ересек,  оқытушы немесе студент,  басқарушы  немесе  оның  қарамағындағы  жұмысшы  бола аламыз. Кей кездері кім болатынымызды өзіміз таңдай аламыз, кейде біз үшін біреу  таңдайды.  Әлеуметтік интеллектісі  қалыптасқан  адам  – өзінің қоғамдағы  орынын  лайықты  таңдай  білетін,  өмірлік  бағытын дұрыс басқара алатын адам.

Әлеуметтік  интеллект мәселесі шетелдік және отандық ғалымдар еңбектерінде теориялық және тәжірибелік  тұрғыдан  жан-жақты  зерттелді.  Олардың  басым  бөлігінде  әлеуметтік  интеллектіге адамның өзінің және  өзгелердің мінез-құлқын адекватты түсіну және бағалау қабілеті деген анықтама беріледі. Бұл қабілет тиімді тұлғааралық байланыстарды орнату және табысты бейімделу мәселелерін шешеді.  Ол  қазіргі  заманда  сұранысқа  ие  педагог-психолог  мамандарға  кәсіби  тұлғааралық  өзара әрекетті орнатуда аса қажет болып табылады. Әлеуметтік  интеллект, эмоционалды ашықтық, шынай педагогикалық ізгілік, әлеуметтік-кәсіби жауапкершілік, ерікті батыл әрекеттерге қабілеттілік, коммуникативтілік педагог-психолог тұлғасының кәсіби маңызды сапаларына жатады.

Өзіндік жауапкершілікті сезінуі жағдайға қарамастан әрекетке даяр болуы, әрекетке қатысын ұғына білуі, өзін немесе қоршаған ортаны өзгертуге даяр болуы болып табылады. Бұл жауапкершілік конструктивті іс-әрекеттің, субъект белсенділігінің, оның үнемі дамуының алғы шарты болып есептелінеді, ал кез келген қорғаныс әрекеттерін (қашу, мәселені жоққа шығару, агрессия) қолдануға тырысу жауапкершіліктен құтылуға тырысу болып табылады.

Әлеуметтік интеллектінің жетіспеушілігін эксперименттік-педагогикалық зерттеудің үш деңгейі «бейімделушілік» феномені негізінде қарастырылуы қажет және олар былай көрініс береді,олар:

  • тұлғалық – бейімделу міндетін жүзеге асыруға көмектесетін балалардың тұлғалық әлеуметтік-психологиялық әлеуетінің көрінуі.
  • әлеуметтік – баланың мүмкін бейімделу белсенділігін айқындауға көмектесуші әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттіліктің даму деңгейін сипаттау.
  • Психологиялық – тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бейімделунің қалыптасуының даралық-әлеуметтік диспозициялар жүйесінің айқындалуы.

Әлеуметтік интеллект – адамдар мінез-құлқын дұрыс түсіну қабілеті. Бұл қабілет тұлғааралық өзара әрекеттің нәтижелілігі мен сәтті әлеуметтік бейімделуі үшін қажет.

Интеллектуалды жүйенің құрылымдық өзгеруі өмірлік факторлардың ықпалымен болады, оның себебі тұтастай жүйе ретіндегі интеллектінің сапалы өзгерісі. Бұл факторлардың арасынан адамның онтогенетикалық дамуында оқыту мен еңбек іс-әрекеті шешуші рөлге жатады. Интеллект жүйесінің күрделілігі төмендегі байланыстарды көрсетеді: логикалық ойлау және мағыналы ес; логикалық ойлау мен бейнелі ес; вербалды және вербалды емес ойлау; практикалық ойлау, есте сақтау көлемі және зейін; ойлаудағы тұжырымдау деңгейі және ақпарат көлемі.

Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік қайталанбас жеке даралық көрінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі және қарым-қатынас тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат алады. Өз образын біз аффективті – когнитивті комплекс ретінде қарастырамыз. Оның аффективті жағын өзін-өзі бағалау ал, когнитивті жағын, баланың өзі туралы ойы деп айтуға болады. Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады.

 

 

Кошкимбаева Жанар Сыихынбаевна

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ, Тараз

қаласы «Білім беру үдерісін психологиялық педагогикалық сүйемелдеу»

кафедрасының аға оқытушысы

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, О. Жандосов орта мектебі бастауыш пән мұғалімі Абдимананова Лайла Абжадиловна

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Абульханова-Славская К.А. Стратегия жизни,-М.,1991
  2. Социальная педагогика:Учеб.пособие для студ. высш. Учеб. заведений/Под общ.ред.М.А.Галагузовой-М.:Гуманит.изд.центр ВЛАДОС,2003
  3. Леонтьев А. А. Психология общения. М.: Смысл, 2002. 365 с
  4. Мұханбетжанова Ә.М. Жоғары мектепте  білім  беруде  құзыреттілік  тұрғыдан  келу  және интеграциялық  үрдістер.  Республикалық  ғылыми-практикалық  конференция  «Педагогикалық  оқу орындарының құзыреттілік тұрғыдан білім беруді жүзеге асырудың өзекті мәселелері»,    І бөлім. 19-20 наурыз, 2007 ж.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.