Home » Айтарым бар » Тәуелсіздік тұғырым

Тәуелсіздік тұғырым

 Оқу ісәрекеттің мақсаты:   Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының    рәміздерін  қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыруға  тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.

КөрнекіліктерЕлбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының  туыелтаңбасыәнұраны және тағы басқа кітапшалар.

Әдістәсілдері:    Слайд,түсіндіру, көрсету, сұрақжауап.

Оқу ісәрекеттің барысы:

ТәрбиешіБалалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Балалар, алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді.

Бәрі тік тұрып Әнұранды тыңдайды.

Тәрбиеші: Отырыңыздар, жарайсыздар!

Қазір жылдың қай мезгілі?   

Балалар:   Қыс.

Тәрбиеші: Дұрыс, қыс. Қыс айларын атайық.

Балалар:   Желтоқсан,  қаңтар, ақпан. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.

Тәрбиеші: Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:   Қазқақстан Республикасы.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған. Біздің еліміз Ресеймен бірге болған,елімізді Ресейдің Президенті басқарған. Ал қазір өзіміздің Президентіміз  басқарады.   Балалар сендер, білесіңдер ме, елбасымыз кім?

Балалар:   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Ал біздің қазіргі Президентіміз кім?

Балалар:   Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің бірінші Президентіміз, яғни Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды. Жылда

Желтоқсан Тұңғыш Президент  күні мерекесі болып аталып өтіледі.

Мен казір сендерге Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша айтып беремін.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасында  Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұғаметжанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды.  Содан бері 25 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.

Өздері өмірлерін қисада,арттарында өшпеш іздері қалды. Олардың арман тілегі орындалды. Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз.Қазақстан Республикасында 2017жылы Бүкіл Дүние Жүзілік ЭКСПО көрмесі өткелі жатыр.Біздің еліміз дамыған елдер қатарына қосылды. Есік қағылады.

Бүгінгі біздің мерекемізге, «Алтын Адам» келіпті.Ол бізге сиқырлы қорапша алып келіпті.Ал ашып көрелік не бар екен , жұмбақтар.

Ал мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешеміз бе?

 1.Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы

Айтатын Әнұран

Қай елдің баласы   (Қазақ елінің баласы)

2.Еліміздің тірегі,

Жеріміздің жүрегі

Бас қаланың есімін,

Қане кім біледі? (Астана)

3.Қос пырағым қос қанат,

Шаңырағым күн менің

Шолпан жұлдыз маңдайда.

Елтаңбам ғой бұл менің (Қазақстан мемлекетінің Елтаңбасы)

4.Көк аспанның түсі бар

Ортасында      күні бар.

Қыран ұшқан  қалықтап ,

Кімнің туы біліп ал.    (Қазақстан мемлекетінң Туы)

5.Туымыздан күн қарап

Күлімдейді әлемге

Күнмен бірге қандай құс.

Қанат қаққан бар елге   (Қыран)

Тәрбиеші: Есімізге түсірейікші  Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не бейнеленген.

Балалар: Ту. Көк.

Көк ашық аспанды білдіреді.  Қыран құс-еліміздің  тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек  қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар ал мынау не?

Балалар:   Елтаңба.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.

Шаңырақ-Қазақстан  атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.

Мынау Әнұран. Кәне, енді маған қарап отырыңдар.

Тәрбиеші: Балалар Тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтайықшы.

Арлан:      Егеменді елдің біздер,

Ұланымыз жас қанат

                   Апайларға сәлеміміз,

                   Құттықтаудан бастаймыз.

 Жанерке: Ызғарлы қыс-тоқсан күн,

                    Желтоқсан деп аталған

                    Желтоқсанда жастарым,

                    Тәңірінен бата сұраған

Алинур:   Отан-анаң ауялы,

                   Отан- әкең,ақылшың.

                   Отан-асыл арманның,

                  Аялаған өз елін.

Мадина:  Қазақтың жері кең байтақ,

                  Бабамның берген еншісі.

                  Желбірей бер көк байрақ

                  Отанымның белгісі.

Жанжігіт:Көк аспанда көкпеңбек

       Қазақстан жалауы.

       Көк емес ол тектен тек,

       Елдің ашық қабағы.

 Айеркем:  Атағы артық, жаны аппақ,

                     Әй Отаным, Отаным

                     Үмітіңді мен ақтап,

                     Үлесімді қосамын.

Нұрхан:     Елтаңбасы елімнің,

                    Неткен айбат әдемі 

                    Тұнығындай көңілдің,

                    Ортада аспан әлемі.

Серігіту жаттығуы.

                            Көк байрақ желбіре,

                            Асқақтап аспанда

                            Жас ұлан ел- бірге

                            Сап түзе,  жасқанба  /2-рет

Тәрбиеші: Туған ел, Отан туралы мақал-мәтел кім айтады?

Медина:   Өз елім- өлең төсегім.

Анель:      Өзге елде сұлтан болғанша,

                   Өз еліңде ұлтан бол.

Амир:       Отан-оттан да ыстық.

Хор:           «Менің Қазақстаным»

Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу қызметінің Желтоқсан оқиғасы туралы, Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Бүгінгі оқу қызметіміз қызықты өтті барлықтарыңа мың алғыс,жарайсыңдар.

Нұр-Сұлтан

№ 94 «Сұнқар» балабақшасы

Назерке Құрбаналықызы  Асанова

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.