Елбасымыз «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында: Жалпы, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс.
Сол үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңды жедел жаңарту керек, деп тапсырма берген болатын.
Қазіргі таңда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге аса мән берілген. Оны Президентіміздің жыл сайынғы жолдауларынан байқауға болады.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің ағымдағы жылдың 15 шілдедегі кеңейтілген отырысында «электронды үкімет» веб-портал жұмысының танымалдылығы және оның үзіліссіз қызмет етуін қамтамасыз етуді жүктеді.
Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократиялық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді. Елбасының айқындап берген тапсырма, міндеттеріне сәйкес, 2013 жылдың 15 сәуір күні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданды.
Қабылданған Заң талаптары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастырып, негізінен қызмет алушы және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген қызмет сапасымен қанағат тұтпайтыны, шағымдар болатынына байланысты, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Заңда көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне шағым беру тәртібіне қатысты нормалар енгізілген.
Ал мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жасау мен оны бағалау Агенттікке және оның аумақтық құрылымдарына берілген. Яғни, уәкілетті органға қызмет беруші мен қызмет алушыға қанағаттанбау себебін анықтауға бағытталған кешенді зерттеулер жүргізу, мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетілу заңнамасын сақтамау, уақытылы бақыламау мен қызмет алушылардың шағымдарын толық әрі уақытылы қанағаттандырмау себептерін зерттеу жұмыстарын жүргізу міндеттелген.
Бүгінгі күні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес, 723 қызметтің түрі бар, оның ішінде электронды нысанда ғана 308 (43%), қағаз жүзінде 138 (19%) және баламалы түрде, яғни электронды және қағаз жүзінде 277 (38%)
қызмет түрі көрсетіледі.
Маңғыстау облысында барлығы 366 қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен 190 (52%), орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен 176 (48%) қызмет түрі көрсетіледі.
Аумақ бойынша қағаз жүзінде – 93 (25%), электронды түрде 212 (58%) және баламалы түрде, яғни электронды және қағаз жүзінде 61 (17%) қызмет түрі көрсетіледі.
Биылғы жылдың 9 айы бойынша, Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2 118 469 қызмет көрсетілген, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы немесе электронды түрде көрсетілуі мүмкін бола тұра, қағаз жүзінде көрсетілгендердің саны420 476 (20%) құрап отырса, 1 697 993 (80%) қызмет электронды түрде көрсетілген.
Жоғарыда жазылғандай, Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басты міндеттері болып қызмет көрсету сапасын бақылау және азаматтардың шағымдарын қарап, қанағаттандыруға бағытталған шаралар қабылдау болып табылады.
Есепті кезеңде, Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша 13 өтініш қаралған.5 өтініш бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, уәждері дәлелін тапқан 3 қызмет алушының құқықтары қорғалды, 2 өтініш бойынша мәселе өз дәлелін тапқан жоқ.
Азаматтар көбінесежерге қатысты құжаттарды рәсімдеу, оның мақсатын өзгерту кезінде көрсетілетін қызметтерге 5 немесе 38,4% шағымданған.
Азаматтардың өтініштерінен бөлек, Департаменттің шұғыл желісіне (8 707 170 14 24) және фейсбук ресми парақшасына қызмет алушылардың наразылықтары да түсіп жатады. Шұғыл желіге келіп түскен шағымдар бойынша Департаментпен дер кезінде шаралар қабылданып, азаматтардың көптен шешілмей жүрген мәселелері оң жағынан шешілген деректер де бар.
Мысалы, ағымдағы жылдың 9 қазанында Департаменттің шұғыл желісіне азамат М.Амантурлиев өзінің Түрікменстан елінен алған жүргізуші куәлігін жоғалтып алып, оны қайтадан шығару үшін Қазақстан Республикасының жүргізуші куәлігін ала алмай жүргендігіне ықпал етуімізді сұрап жүгінді.
Аталған мәселе бойынша Департаментпен бірнеше рет тиісті құзырлы органдармен келіссөздер жүргізіліп, қызмет алушының мәселесін шешуге бағытталған шаралар қабылданды.
Нәтижесінде Департаменттің араласуынан кейін ғана, азамат М.Амантурлиевке ҚР жүргізуші куәлігі шығарылып берілді.
9 айда Департаментпен 28 бақылау іс-шаралары жүргізілді.
Оның ішінде:
— профилактикалық бақылау – 15;
— жоспардан тыс өтініштер бойынша –5;
— жоспардан тыс (Агенттіктің, ҚР Цифрлік даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хаттарына сәйкес) –8.
Тексерулер кезінде барлығы 7812 бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:
— мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдерінің бұзылуы 1008 немесежалпы анықталған бұзушылықтың13%;
— стандартта көрсетілмеген құжаттарды талап ету 954 немесе 12%;
— құжаттар толық болмаса да қызметтердің көрсетілуі – 1187 немесе15,1%;
— тегін ұсынылуға кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді ақылы негізде көрсету – 2033 немесе 26%;
— қызмет көрсету кезінде негізсіз бас тартулар – 5 немесе 0,1%;
— басқа бұзушылықтар 401немесе 5,1%.
Талдау көрсеткендей, көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін бұзу деректері ең жиі кездесетін бұзушылықтардың қатарында.
Заңбұзушылықтардың басым көпшілігі келесі бағыттарда кездескен:
— Жеке тұлғалар мен азаматтарды тіркеу – 6886немесе 88,1%;
— Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы – 391немесе 5,1%;
— Жанұя және бала – 102немесе 1,3%;
— Жер қатынастары, геодезия және картография – 86 немесе1,1%.
Тексеру нәтижелерімен 19 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды және жыл басынан бері лауазымды тұлғаларға қатысты 17 әкімшілік істер қозғалып (барлығы да басшылық лауазымдағы тұлғалар), 479 750 теңге айыппұл салынып, толықтай өндірілді.
Есепті жылда 85 647адамның қамтылуымен 720 түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Аталған кездесулерде халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жатқызылған тұрғындарымен (зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, жұмыссыз азаматтар, аз қамтылған отбасылар) жүздесіп, әлеуметтік сала бойынша мемлекеттік қызметтерді алу, оның ішінде мемлекетпен берілетін жеңілдіктер, жәрдемақылар және басқа әлеуметтік көмектер алу тәртіптері туралы мәлімет берілді.
Семинарлар барысында тыңдаушылар өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойып, толық ақпарат алды. Сонымен қатар, шара кезінде «e-gov» электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу әдістері, қызмет алушының СМС келісімі бойынша үшінші тұлғаның анықтамалар алу сервисін қолдану тәртіптері бойынша да кеңінен ақпараттар берiлдi.
Бұған қоса, 18 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» жәрмеңкесі өткізілді; 50– билбордтар ілінді; 73бейнероликтер түсірілді; 444 БАҚ-да мақалалар жарияланды; 138000 – брошюралар таратылды. Ағымдағы жылдың маңызды әрі жақсы жаңалықтардың бірі ретінде «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 1 қарашадан бастап алынып тасталғандығын айтуға болады.
Бұрын, азаматтардың мекенжайы туралы мәліметтерді беру мемлекеттік мекемелер, банктер және жеке сектордағы мекемелер арасында жиі сұралатын еді. Жыл сайын халық құжаттарды, жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да қызметтерді алу үшін аталған мекемелерге 10 миллионнан аса мекенжай анықтамаларын алады. Жұмысқа, мектептерге, балабақшаларға, емханаларға, банктерге орналасу кезінде азаматтар ХҚКО-ға, мемлекеттік органдарға тұрақты түрде жүгіну арқылы кезекте тұрып, уақыт жоғалтатын еді.
Ал қазір, мемлекеттік қызметтерді алу уақытын қысқарту және қағазбастылыққа жол бермеу мақсатында мекенжай анықтамасы енді сұратылмайтын болды.
Сонымен қатар, азаматтар өздерінің мекенжайы туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетінде және электронды үкімет мобильді қосымшасында тексере алады. Өз кезегінде, мемлекеттік мекемелер азаматтардың мекенжайлары туралы мәліметті өздерінің ықпалдастырылған ақпараттық жүйелері арқылы қарай алады. Егер жеке сектордағы мекемелерде арнайы дерекқор көзі болмаған жағдайда, азаматтардың бір реттік құпиясөз SMS келісімі бойынша үшінші тұлғалармен ақпараттар алу сервисін қолдана алады.
Мекенжай анықтамаларын беруді жою арқылы — артық қағаз құжат айналымын қысқарту және азаматтарға анықтама алу үшін ХҚКО-ға жүгіну қажеттілігі жойылды.
Осылайша, елімізде қағазбастылық деңгейі төмендейді, халықтың уақыты үнемделеді, ХҚКО-ның жүктемесі азаяды және қызмет көрсету сапасы одан әрі жақсарады деп есептеймін.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Маңғыстау облысы
бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Нұргүл Жанназарова